Министр «Әзірет Сұлтан» мешітімен танысты (ФОТО)

Бейсенбі, 10.11.2021

Астана. 10 қараша. E-ISLAM – ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаев Астана қаласындағы «Әзірет Сұлтан» мешітіне келді.

Министрді Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы, наиб мүфтилер  Серікбай қажы Сатыбалдыұлы мен Наурызбай қажы Тағанұлы бастаған дін қызметкерлері қарсы алып, мешіттің тыныс-тіршілігімен таныстырды.

Министр «Әзірет Сұлтан» мешітінің ресми порталы Muslim.kz сайты редакциясы мен ҚМДБ-ға қарасты «Хикмет» телерадиостудиясының жұмыс үдерісіне куә болды. Студия өнімдерінің сапасына жоғары баға беріп, діни ағарту саласында жемісті еңбек жатқан ұжымға алғыс айтты.

Нұрлан Ермекбаев мұнан соң діни басқарма басшыларымен жиын өткізді. Отырыс барысында еліміздегі діни ахуалға қатысты маңызды мәселелер талқыланып, ұсыныс-пікірлер айтылды.


 

Оқылды 177 рет
JoomShaper
Top