Министр Успен кафедралды шіркеуінде болды (ФОТО)

Сәрсенбі, 09.11.2021

Астана. 9 қараша. E-ISLAM – Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаев Астана қаласындағы Успен кафедралды шіркеуінде болды.

Министр Астана және Қазақстан бойынша митрополит Александармен кездесіп, мемлекет пен діни бірлестіктердің қарым-қатынасы, елдегі конфессияаралық келісімді нығайту мәселелерін талқылады.

Тараптар осындай мәселелерді реттеуде Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың маңызды рөл атқаратынын атап өтті. Елбасының елдегі конфессияралық келісімді қалыптастырып, нығайтуы этникааралық үйлесімділіктің қазақстандық үлгісі халықаралық деңгейде мойындалғанына ерекше тоқталды.

Кездесу аясында Н.Ермекбаев Кирилл мен Мефоди атындағы рухани-мәдени орталықтың қызметімен танысып, Қазақстандағы рухани қайраткерлері музейін аралады.

Ал митрополит Александр министрге Успен шіркеуі құрылысымен, ондағы қоғамда рухани құндылықтарды, бейбітшілік пен тағаттылықты, Қазақстандағы бірлік пен тыныштықты қалыптастыру мақсатында өткізілетін мәдени-ағартушылық жұмыстарымен таныстырды.

 

 

 

Оқылды 90 рет
JoomShaper
Top