Қазақстанда қала мәдениеті 13 ғасырда қалыптасқан

Сәрсенбі, 03 Қыркүйек 2014 12:37

Жайық бойынан табылған жәдігерлер осыны айғақтайды.

Жайық өзені бойынан ортағасырлық өркениеттің ерекше белгілері табылды. Соның бірі ғимаратты еден арқылы жылыту ісінің қазақ даласында болғанын көрсететін құнды деректер «Жайық-Сарайшық» ғылыми экспедициясының ғалымдарының назарын аударып отыр. Бұл туралы "BAQ.KZ" хабарлаған.  Алтын Орда дәуіріндегі бұл шаһарлар қазақ даласында сонау XIII ғасырдың өзінде қалалық мәдениеттің қалыптасқанын көрсетеді екен. Осыған орай ғалымдар Орал қаласының тарихы орта ғасырлардан бастау алады деген байламға келіп отыр. Олардың пайымдауынша арада қанша ғасыр өтсе де сол заманның өмір салтын айқын көрсете алатын бұл қалашық - сол заманда үйлердің еден астынан жылытылғанын айғақтайды.Қалашық зерттеле бастаған 10 жылдың ішінде 3 пеш, 3 кесене мен 5 тұрғын жай және сол уақытта пайдаланылған көптеген жәдігерлер табылған. Ғалымдар болашақта Жайық қалашығының орнын ашық аспан астындағы музейге айналдыруды көздеп отыр.

E-islam.kz

 

 

Оқылды 27 рет

 

Әлеуметтік желілер

Намаз уақыты

 

Сауалнама

Құран (аудио)

JoomShaper