Джибути қаласында ислам банкингінің екінші африкалық саммиті өтті

Сенбі, 16 Қараша 2013 12:22

6-7 қараша күндері Джибутиде Африка елдері ислам банкингінің жыл сайынғы саммиті болып өтті, деп хабарлайды AllAfrica.

6-7 қараша күндері Джибутиде Африка елдері ислам банкингінің жыл сайынғы саммиті болып өтті, деп хабарлайды AllAfrica. Іс-шараға әлем мемлекеттерінің 350-ден астам жетекші сала өкілдері мен орталық банктердің басшылары қатысты. Ислам банкингі саласындағы сарапшылар мен барлық континенттерде орналасқан ислам қаржы мекемелері жетекшілерінің пікірлеріне қарағанда, Африка елдеріне ислам қаржы көздерінің артықшылықтарын пайдалану керек. Джибути Орталық банк жетекшісі Ахмед Осман Халықаралық банк мәліметтеріне сүйене отырып, Африка инфрақұрылымының қажеттіліктерін өтеу үшін 2020 жылға дейін жыл сайын 93 млрд доллар көлемінде қаржы жұмсалуы тиіс, ал осы мақсатқа жету үшін ислам банктерінің мүмкіндектері өте жоғары деп пайымдады. Банк жетекшісінің айтуынша, Африкада өзге континеттермен салыстырғанда мұсылман жамағатының басым бөлігі орналасқан. Алайда соған қарамастан, континенттегі исламдық банктердің активтері тек 1 пайыздық мөлшерді ғана құрайды, деп атап көрсетеді. «Халықаралық ислам қаржы саласы инвестиция жасау үшін жоғары өсу қарқыны бар жаңа нарық көздерін іздеуде. Ал Африка континентінде исламдық банк және қаржы саласы үшін көптеген мүмкіндіктер жасалған» деп ескертеді ОАР First National Bank Ислам банкингі жөніндегі бөлім басшысы Амман Мұхаммад. e-islam.kz

Оқылды 35 рет

 

Әлеуметтік желілер

Намаз уақыты

 

Сауалнама

Күнтізбе

« Қыркүйек 2014 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жб
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30          

Құран (аудио)

JoomShaper