Олар исламға жүгінді

Жұма, 29 Тамыз 2014 20:00

Қасиетті жұмада ниеттеніп келген өзге ұлттың 3 өкілі Ғылмани мешітінде исламды қабылдады. Оның бірі - неміс, екіншісі - армян, ал үшіншісі - үнді.

Түні де, күндізі де қасиетті болған, күндердің сұлтаны жұма күні «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінде үш адам Ислам дінін қабылдады. Кастнер ұлты неміс Алена Эдуардовна, армян ұлтының өкілі Оганян Саида Альбертовна және бір үнді жігіті куәгерлердің қатысуымен тілдерін кәлимаға келтіріп хақ-исламды қабылдады. Алена Эдуардовна өз қалауымен азан айтқызып, Әлия деп қазақша ат қойғызды. Мешіттің найб имамы Мамлюк Асханұлы Ислам дінін қабылдаушы азаматтарға ислам құндылықтары жайында қысқаша түсінік беріп, оларды бұдан былайғы жерде тақуа мұсылмандардан болуға насихаттады. Мешіт атынан дайындалған сыйлық кітаптарды тарту етіп, бауырластық ниетпен олардың мұсылманшылық қадамдарына сәттілік тіледі.

Иә, исламды әлемнің мүйізі қарағайдай ғалымдары діні мен дәстүріне қарамастан мойындаған. Себебі ислам - ғылым діні. Барлық ілімнің бастауы болған Құранның тәмсілін жүрегіне түйген жанның хаққа деген ниеті бөлек болмақ...

Оразбек Сапархан

 

 

Оқылды 38 рет

 

Әлеуметтік желілер

Намаз уақыты

 

Сауалнама

Құран (аудио)

JoomShaper