Жағдайы нашар отбасыларды аборт жасауға мәжбүрлеуде

Сәрсенбі, 03 Қыркүйек 2014 11:43

Непалда мұсылман отбасыларына шарт қойылды. Жағдайы нашар отбасылар аборт жасату арқылы ғана мемлекет көмегін ала алады.

Непал мемлекетінде мұсылман қауымының әйелдерін аборт жасауға мәжбүр ететін шарт пайда болды. Олар аз қамтылған отбасыларды гуманитарлық көмекпен қамтамасыз ету үшін балаларын алдыруын талап еткен. Бұл сөзді жергілікті мұсылман ақсақалдар алқасы да растайды. Алқаның заңды өкілі Хассан Мия "Өте кедей тұрғындарға көмек көрсетіп, балаларын оқытуға қаржы бөлу үшін қайырымдылық және гуманитарлық қорлар аяғы ауыр әйелдерге балаларын алдыру туралы талап қойды" дейді. Ал Непалдың Денсаулық сақтау министрі Гопал Параджули бұл істің ақ-қарасын анықтап, жергілікті БАҚ көтерген мәселені шешуге тырысатынын алға тартып отыр. 

E-islam.kz

 

Оқылды 30 рет

 

Әлеуметтік желілер

Намаз уақыты

 

Сауалнама

Құран (аудио)

JoomShaper