Бас мүфти: Дін қызметкерінен жоғары білім талап етіледі

Бейсенбі, 23.02.2022

Астана. 23 ақпан. E-ISLAM – Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы «Егемен Қазақстан» газетіне берген сұхбатында республикадағы діни ахуал, дін қызметкерлерінің білім деңгейі жайында баяндап өтті.

«Қазіргі уақытта 800 дін қызметкері немесе жалпы қызметкерлердің 20%-ы жоғары білімді. 27% немесе 1033 адам орта білімді, 1786 имам-молда немесе 54%-ы біліктілікті арттыру курсынан өтті. Өткен жылы 270 имам Ислам институтында екіайлық курста білім алды» дейді Е.Малғажыұлы.

Бас мүфти дін қызметкерлерінің білімін көтерудің жан-жақты мүмкіндіктерін қарастырып отырғанын жеткізді. «2016 жылы осы бағытта 204 семинар өткізілді, оған 2986 имам қатысты. Бұдан бөлек, кадрларды «әл-Әзһар» Египет ислам университетінде, Түркиядағы «Хасеки» академиясында арнайы курстардан өткіземіз» деп атап өтті ҚМДБ төрағасы.

Оқылды 303 рет
JoomShaper
Top