Тәжікстанда қалаға ДАИШ-тың туын ілгендер сотталды

Жұма, 24.02.2022

Астана. 24 ақпан. E-ISLAM – Тәжікстанның Хатлон облыстық соты Нурек қарасының үш тұрғынын қала орталығына ДАИШ экстремистік тобының қара туын іліп қойғандары үшін түрмеге жапты, деп хабарлайды centralasian.org.

Хатлон облыстық сотының төраға орынбасары Темур Бойзода сотталушылар Сайфиддин Азимов, Манучехр Ёров және Ибрагим Мирзоев 2015 жылдың маусым айында ұсталған дейді. Олар қамауға алынғанға дейін ілген туларын жасырып үлгерген. Бірақ соған қарамастан Қылмыстық кодекстің 307-бабы бойынша («Экстремистік іс-әрекетке ашық түрде шақыру») іс қозғалған.

Үшеуіне де үш жылға бас бостандықтарынан айыру жазасы кесілген.

Пули Сангин жамағатының төрағасы Сироджидин Махмудов аталған жас жігіттер ұсталғанға дейін сақал өсіріп, қатарларынан ерекшеленді дейді.

«Олардың неге өзіміздің туды емес, өзге туды іліп қойғандарына таң қалдық» дейді ол.

Оқылды 186 рет
JoomShaper
Top