Мешітке өрт қойған қылмыскер сотталды

Бейсенбі, 09.02.2022

Астана. 9 ақпан. E-ISLAM – Құрама штатта Форт-Пирс мешітіне өрт қойған қылмыскерге қатысты сот үкімі шықты.

32 жастағы Джозеф Шрейбер сот отырысында өзінің іс-әрекетіне өкінетінін білдірмеген және ақталуға да тырыспаған. Сот исламофобшыны 30 жылға бас бостандығынын айыру жазасына кесті.

Айта кету керек, бұған дейін де әртүрлі қылмыстық әрекеттерімен түрме көрген жігіттің бостандықта жүргеніне 3 жыл да толмаған екен.

Ал сот отырысына қатысқан мешіттің жергілікті жамағаты Мұхаммед Мәлік есімді азамат қылмыскерге кешіріммен қарайтынын айтты. «Оған дін туралы теріс ақпараттар берілген. Біз Алла Тағаланың өте мейірімді екеніне сенеміз. Оның мейірімі бұл азаматтың өшпенділігінен асып түседі» дейді М.Мәлік.

Оқылды 332 рет
JoomShaper
Top