Ас беруде қойылатын тағамдар тізімі жарияланды

Бейсенбі, 26.01.2022

Астана. 25 қаңтар. E-ISLAM –  Құран хатым түсіру және ас беруде қойылатын тағамдар тізімі жарияланды.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Өскемен өңірі Зайсан аудандық орталық мешітінің бұл бастамасы басқа өңірлерге де үлгі болса дейміз.

«Шығыс Қазақстан облыстық I ақсақалдар форумында» келісілген шешімге сай биылдан бастап облыс бойынша хатым-науқандарда қойылатын тағамдар тізімі бекітілген екен.

Тағам тізімі шектеулі. Мұндағы мақсат ас беру кезінде ысырапшылдыққа жол бермеу. Бұл туралы хабарламаны өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында Тұрсынбек Тұрапбек есімді азамат жариялаған.

Оқылды 251 рет
JoomShaper
Top