Ердоған сыртқы күштерге мәлімдеме жасады

Дүйсенбі, 23.01.2022

Астана. 23 қаңтар. E-ISLAM – Режеп Тайып Ердоған жуырда жасаған баяндамасында түрік мемлекеті ішкі жаулар мен сыртқы құпия қоғамдастықтардан, оның ішінде FETO (Фетхуллах Гүлен ұйымы) тарапынан төнген қауіп-қатерлерді толықтай жойғанын мәлімдеді.

Ердоғанның сөзінше, Гүлен ұйымы елдегі сот жүйесін жайлап үлгерген, сондай-ақ күштік құрылымның біршама бөлігіне тараған. Алайда, олар айласын іске асыра алмады.

«Олар террористік ұйымдар, актілер арқылы біздің елімізді тізе бүктіре алмады, экономикамызды әлсіретуге шамалары жетпеді. Түркия енді қорғаныстан шабуылға көшеді» деді Ердоған.

Ол сонымен қатар, жаулар әртүрлі бүліктер арқылы Түркияның ішкі-сыртқы жетістіктерін тоқтатқысы келетінін жеткізді. Дегенмен, олардың елдегі іс-әрекеттеріне бұғау салынды, Түркия алға қойған мақсат-мүдделерінен таймайды. «Біз сыртқы күштердің экономикалық қысым, террористік актілер мен сатқындардың іс-әрекетері арқылы Түркияны әлсіретуіне жол бермейміз. Біз қауіп-қатерді пайда болған сәтінен жоюға әзірміз» деді Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған.

Оқылды 362 рет
JoomShaper
Top