Ризабек БАТТАЛҰЛЫ: Ахлақсыз шариғат жеміссіз ағаш секілді

Сәрсенбі, 18.01.2022

Республикалық ақпараттық насихат тобының мүшесі, белгілі теолог Ризабек Батталұлымен болған сұхбат.

– Ризабек аға, сіз ҚМДБ-ың РАНТ мүшесі ретінде өңірлерді жиі аралайсыз. Еліміздегі діни ахуалға қандай баға берер едіңіз?

– Аса қамқор, ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын! Жалпы елімізде діни ахуалды қалыпты жағдайда деуге келмейтін секілді. Себебі, сан түрлі ағымдар мен бағыттардың шырмауығына түскендер қатары бұрынғыдай қарқынды болмасада аздап қөбейуде.  Дегенмен ҚМДБ аталмыш ағымдардың алдын алуда, сауатсыздықты жоюда мүмкіндігінше жұмыс жасап келеді.

– Қазір жастарға ақида мен амал туралы оқытылып, ахлақ қалыс қалып жатқан жоқ па?

Иә, ол жағыда бар, негізінде пайғамбарымыз (с.ғ.с): «Мен қөркем мінез-құлықты толықтыру үшін келдім» демейме. Айша (р.а) анамыздан Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) мінезі жайлы сұралғанда: «Мінезі Құран» еді деп жауап берген. Яғни, ахлақтың маңыздылығын көрсетті. Дегенмен жамағатты ақида мен фиқһ ережелерімен әлі толық қанағаттандыра алмай жатырмыз. Оның бірден-бір себебі білікті мамандардың аздығы деуге болады. Сонымен қатар кейбір адамдар тарапынан ақида секілді ең басты ілімді немқұрайды, атүсті қарауларыда себеп деуге болады. Ал енді ақиданы толық қалыптасырып алмайынша ахылақты сөз ету ертерек секілді. Дегенмен түбегейлі бүтіндей тоқтатып қойуға да болмайтын секілді.

– Мұны сұрап отырған себебім, намазға жығылған кейбір жастар тәкәппарланып, елден ерекшеленіп жүреді. Бұл сол ахлақтың дұрыс болмауынан емес пе?

– Сөзіңіздің жаны бар, ахлақсыз шариғат жеміссіз ағаш секілді ғой. Алайда, кейбір намазхан бауырларымыздың тәкәппарланып немесе қоғамнан ерекшеленуі көп жағдайда ақида тұрғысынан болады. Себебі өзін ғана тура жолдамын деп есептеп, өзгені адасқан немесе діннен шыққан деп олармен дұрыс мәміле жасамайды.

Жалпы ислам негізгі үш бағыттан тұрады. Ақида, шариғат, ахлақ. Бұны Жебрейл (ғ.с) хадисінен көруге болады.  Иман, ислам, ихсан жайында сөз етуі осы үш бағытты меңзейді. Міне осы үшуі үйлескен кезде барып кәміл мұсылман, тіпті толық адам деуге болады. Сондықтан мұсылман адамның бойында осы үш нәрсе табылуы керек деп ойлаймын. Себебі дұрыс сенімде болмаған мұсылманның қанша көркем мінез иесі, шариғат талаптарын толық орындағанмен, сенімде өзінен басқаны дінсіз немесе адасушы санап, адам құрлы көрмеуі ақиданың қаншалықты маңыздылығын көрсетеді. Алланың хақ елшісі (с.ғ.с) он үш жыл сахабаларға сенімді үйретумен болды. Кейін барып шриғат міндеттеліп, ахлақ қалыптаса бастады. Сондықтан мұсылман адам алдымен ақида (сенім) жүйесін толық меңгеруі керек секілді. Себебі шариғат пен ахлақтың жеміс беруі тікелей сенімге қатысты. Алайда сенімі тура болған мұсылман адам ғана шынайы мұсылмандықтың бейнесін көрсете алады деуге болады. Себебі: Біріншіден, Кәлимаға тіл келтіріп, Алланы жүрегімен қабылдаған адамды діннен шығармайды. Керсінше мұсылман бауырым деп қабылдайды. Екіншіден, бейнамаз адамды мұсылман санайды және онымен толық мұсылмандық қарым-қатынасын үзбейді. Үшіншіден, жалпы адамзатқа мейірімділікпен қарайды, әрім өзінің ұстанымына, қателіктеріне өзі жауап береді деп қабылдайды. Төртіншіден, отаның адасушылар елі деп санамайды, керсінше елінің амандығын, тыныштығын қалайды. Бесіншіден, өзге дін өкілдерімен жақсы қарым-қатынас орнатады. Алтыншыдан, ата-анасына, ағайын-туыстарынан қол үзбейді. Керсінше олардың амандығын, саулығын тіліп, қамқоршы болады.

– Ендігі осындай ағымдардан жастарды қалай қорғауымыз керек?

– Алдымен жастарымыздың діни сауатын арттыруымыз керек секілді. Негізінде көп жастарымыз діни сауатсыздықтан жат ағымдарға еріп кетіп жатыр. Бәрін бірдей діндар ету керек емес, белілі бір денгейде дәстүрлі дініміздің негізгі принциптарын үйретіп қойуымыз керек. Қазақта «Отан отбасынан басталады» деген қанатты сөз бар. Осы орайда отбасы институтын қалыптастыруымыз керек секілді. Себебі отбасынан діни құндылықты бойына сіңірмеген жастарымыз көлденен көк аттылардың қолтығында кетіп жатыр. Жастарымызды жат ағымдардан қорғауымыз үшін мына нәрселерге баса назар салғанымыз дұрыс секілді:

Отбасы құндылықтарын насихаттау,

Оқу орындарында діни немесе жат ағымдардыңалдын алу шараларын ұйымдастыру барсында дәстүрлі дініміздің принциптары мен қатар ажат ағымдардың ұстанымдарын, мақсаттарын көрсету ашып көрсетуі,

Дәстүрлі ислам мен раидикалды ислам ұғымын кеңінен түсіндіру,

Мемлекеттік қызметкерлерді аранайы діни сауатын көтеру дайындықтан өткізу,

Интернет секілді ақпарат құралдарын қадағалау, тоқтау. Мүмкін болмаған жағдайда тыйым санлынған әдебиеттер мен сайттарды кеңінен жеткізу керек.

Діни орталық болып саналатын мешіттерімізге арнайы ережелер мен қағидаттар еңгізуіміз керек.

Діни мамандардың, имамдарымыздың білім жетілдіру, жат ағымдарға қарсы тұратын қабілетін арттыру керек.

Діни оқу-құралдарын қатаң бақылауға алу, арнайы тексерістен өткізу секілді шаралар жасау керек деп ойлаймын.

– Уақыт тауып сұхбаттасуға келіскеніңізге рахмет!

Әңгімелескен

Олжас Сәндібекұлы

Оқылды 516 рет
JoomShaper
Top