Обама әкімшілігі күтпеген шешім қабылдады

Сейсенбі, 24.01.2022

Астана. 24 қаңтар. E-ISLAM – Палестина мемлекетіне АҚШ президенті Барак Обама әкімшілігінен 221 миллион доллар қайтарымсыз қаражат бөлінеді. Бұл туралы Ассошиэйтед Пресс агенттігі хабарлады.

Бұл қадамға президент әкімшілігі Барак Обаманың өз қызметін аяқтауына санаулы сағаттар қалған кезде және Дональд Трамптың жаңа таққа жайғасуына таяған тұста барған.

Экс-президенттің палестиналықтарға көмек көрсету туралы шешімі Трамптың республикалық партия мүшелері тарапынан наразылық тудырды.

Сонымен қатар, Обама әкімшілігі климатты жақсартуға байланысты бағдарламаға 4 миллион және БҰҰ-ға қарасты ұйымдарға 1,25 миллион доллар қаражат бөлді.

Оқылды 459 рет
JoomShaper
Top