Ресей жұлдызы исламды қабылдағысы келетінін мәлімдеді

Дүйсенбі, 23.01.2022

Астана. 23 қаңтар. E-ISLAM – Ресейдің белгілі тележүргізушісі Виктория Боня ислам дінін қабылдағысы келетінін мәлімдеді.

Оның ислам дініне деген қызығушылығына Біріккен араб әмірлігіне жасаған сапары себеп болған көрінеді. Ол әмірліктегі Шейх Зайед мешітіне келгенде ерекше әсер алғанын жасыра алмады. Әлемдегі ең әсем де көрікті құлшылық үйі және ислам діні туралы ой-пікірімен Виктория әлеуметтік желіде былай бөлісті.

«Мен енді болмағанда ислам дінін қабылдай жаздадым. Кім біледі, бір күні ол да орындалар» деп атап өтті ол. Тележүргізушінің бұл жазбасына 17 сағат ішінде 75 мың қолданушы «ұнайды» белгісін қойып, 3700 пікір қалдырылған.

Оқылды 440 рет
JoomShaper
Top