ҚР ДІАҚМ Дін істері комитетінің төрағасы тағайындалды

Бейсенбі, 03.11.2021

Астана. 3 қараша. E-ISLAM – ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрінің 2016 жылдың 3 қараша күнгі №1 бұйрығымен  Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі Дін істері комитетінің төрағасы болып Шойкин Ғалым Нұрмағамбетұлы тағайындалды.

Шойкин Ғалым Нұрмағамбетұлы 1977 жылы туған. 2000 жылы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық универистетін «Саясаттану» мамандығы бойынша тәмамдаған. 2004 жылы Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік қызмет академиясын «Мемлекеттік басқару» мамандығы, 2011 жылы А.Мырзахметов атындағы Көкшетау университетін «Қаржыгер» мамандығы бойынша бітірген. Саяси ғылымдар кандидаты.

Еңбек жолын 2000 жылы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Халықаралық қатынастар, саясаттану және әлеуметтану кафедрасында мұғалімдіктен бастаған.

2001-2002 жылдары ҚР Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісі  министрлігі Ішкі саясат департаменті Жастар саясаты бөлімінің бас маманы қызметінде болды.

2002-2003 жылдары – ҚР Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісі  министрлігі Жастар саясаты департаменті Ақпараттық-талдау бөлімінің басшысы.

2004-2008 жылдары – ҚР Президенті Әкімшілігі Әлеуметтік-саяси бөлімінің бас сарапшысы.

2008-2009 жылдары – ҚР Президенті Әкімшілігі Әлеуметтік-саяси бөлімінің сектор меңгерушісі.

2009-2012 жылдары «Нұр Отан» ХДП Ақмола облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары қызметін атқарды.

2012-2014 жылдары – ҚР Дін істері агенттігі төрағасының орынбасары.

2014 жылдың тамыз айынан 2016 жылдың қараша айына дейін ҚР Мәдениет және спор  министрлігі Дін істері комитетінің төрағасы болды.

2016 жылдың 3 қарашасынан бастап ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі Дін істері комитетінің төрағасы.

Мемлекеттік және қоғамдық марапаттардың иесі.

Оқылды 1467 рет
JoomShaper
Top