Түркия Ішкі істер министрі ауысты

Сенбі, 03.09.2021

Астана. 3 қыркүйек. E-ISLAM – Түркияның Ішкі істер министрі Эфкан Ала қызметінен кетті. Бұл туралы ел премьер-министрі Бинали Йылдырым мәлім етті, деп жазады Hürriyet басылымы.

Енді Түркия Ішкі істер министрлігін елдің Еңбек және әлеуметтік қамту министрі Сүлеймен Сойлу басқаратын болады.

«Сойлу Ішкі істер министрі болып тағайындалуына байланысты, Еңбек және әлеуметтік қамту министрлігі басшылығына Бурса провинциясы депутаты Мехмет Мюэззиноглу тағайындалды» деп мәлімдеді үкімет басшысы.

ТАСС агенттігінің хабарлауынша, Мюэззиноглу 2013 жылдың қаңтар айынан 2016 жылдың мамыр айы аралығында Түркияның Ұлттық денсаулық сақтау министрлігін басқарып келген. 

Оқылды 76 рет
JoomShaper
Top