Алжир дәрігерлерінің «концерті» интернетті шулатты (ВИДЕО)

Бейсенбі, 01.09.2021

Астана. 1 қыркүйек. E-ISLAM – Алжир ауруханаларының бірінде хирургтер бригадасы мен емделуші ауыр операцияның сәтті өтуін ерекше тойлатты.

Ес-түссіз жатқан емделуші есін жиғанда дәрігерлер қуанғаннан билей жөнелді. Енді бірі медициналық құралдардан аспап жасап, оркестр құрды.

Бейнежазбада мұндай қуанышты көріністен емделушінің өзі де күлімсірегені анық көрінеді.

Операция бөлімінде түсірілген бұл жазба интернетте кеңінен тарап кетті.

Оқылды 565 рет
JoomShaper
Top