Қажыларға вирустық аурулардан сақ болуды ескертеді

Жұма, 02.09.2021

Астана. 2 қыркүйек. E-ISLAM – Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті Сауд Арабиясында қажылық кезінде вирустық аурулар жұқтырып алу қаупі барын хабарлады, деп жазады ҚазАқпарат АА.

Қажылыққа жыл сайын әлемнің 160 елдерінен 2 млн астам адам қатысады, оның 3-4 мыңы Қазақстан Ресбуликасынан.

«Елде коронавирустық инфекция бойынша эпидемиологиялық жағдай қолайсыз болып отыр. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының деректері бойынша 2012 жылдан бастап осы уақытқа дейін таяу шығыс респираторлық синдромы коронавирусымен сырқаттанудың зертханалық расталған 1791 жағдайы тіркелген, оның 640-ы өліммен аяқталған, сырқаттанудың 80%  Сауд Аравияда, оның ішінен ағымды жылы 156 жағдай тіркеліп, 26-ы өлім жағдайымен аяқталды»,  делінген комитет хабарламасында.

Коронавирусты инфекция - бұл айқын интоксикация және респираторлы трактінің жоғары бөлігін зақымдаумен (ринит көп мөлшерде серозды бөлінуімен, әлсіздік, сырқаттық, тамағының қышуы, құрғақ жөтел) сипатталатын респираторлық ауру. Ауыр ағымы кезінде пневмония қосылып, өлім жағдайына алып келуі мүмкін. Санитариялық-эпидемиологиялық қызмет жыл сайын қажыға бару мәселелерімен айналысатын мұсылмандардың дін басқармасы өкілдерімен, туроператорларымен қажыға барушыларды міндетті түрде егуді жүргізуге бағытталған жұмыс жүргізеді, қажыға бару және қайту кезінде өткізу пункттерінде санитариялық-карантиндік бақылауды күшейту бойынша шаралар қолданылады.

Қажыға барушыларда бұрыштама алу үшін негізгі талап - менингококк инфекциясына қарсы төртвалентті вакцинамен егілуі туралы халықаралық сертификаттың болуы. Қазіргі уақытта менингококк инфекциясына қарсы вакцинация Астана («Фармаком» клиникасы, Майлин к., 15), Алматы («MS Help» емханасы, Қарасай батыр к., 30, Достық к. қиылысы; «Фармаком» клиникасы, Бузурбаев к., 23, Гоголь к. қиылысы) және Шымкент («ЦАХиТ» клиникасы, Ильяев к., 51) қалаларында өткізілуде.

Комитеттің хабарлауынша, бүгінгі күнге  қажыға баратын 1538 адамға вакцина егілді.

«Қажылықта болған кезде адамдар көп жиналатын жерлерде жеке бас профилактикасы шараларын сақтау қажет: -  қолды сабынмен жиі жуу, дезинфекциялық салфеткаларды пайдалану; -  жөтелген және түшкірген кезде салфетканы пайдалану; -  ауырғандармен қатынаспау және олардың жеке заттарын пайдаланбау; -  адамдар көп жиналатын жерлерде мүмкіндігінше бір рет қолданылатын бетпердені пайдалану; -  түйелер көп жиналатын жерлерге жақындамау және олармен тікелей қатынастан аулақ болу; -  қайнамаған және пастеризацияланбаған түйе сүтін пайдаланбау, сонымен бірге ұйымдастырылмаған сауда орындарда тамақ өнімдерін сатып алмау; -  сырқаттану көріністері пайда болғанда дәрігерге қаралу қажет; -  қайтып келген кезде аурудың әртүрлі симптомдары (қалтырау, температураның жоғарылауы, сырқаттану, тамағының ауруы және басқалар) пайда болған жағдайда  жақында қажылыққа барғаны туралы дәрігерді ескертіп, тезарада медициналық мекемеге жүгіну қажет, делінеді хабарламада.

Оқылды 50 рет
JoomShaper
Top