Отандық емес өнімдердің құрамы таза емес

Сейсенбі, 31.03.2022

"Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті ресейлік өндіріс етінің сынамаларында ішек таяқшасын, доңыз ДНҚ-сын және натрий нитриты құрамының артуын анықтады" деп хабарлайды ҚР ҰЭМ баспасөз қызметіне сілтеме жасаған "Бақ.кз".

Наурыз айында ҚР ҰЭМ Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің аумақтық департаменттері техникалық регламенттер талаптарына сәйкес келмейтін тамақ өнімдерінің 272 сынамасын анықтаған, оның ішінде 74 сынама – ет өнімдері, ол сәйкес келмейтін өнімдердің жалпы санының 28 %-ке жуығын құрайды.

Доңыз етінің ДНҚ-сы мынадай ет өнімдерінің құрамынан анықталған:

"Курганский мясокомбинат" ЖШҚ "Стандарт" - Қорған қ.;

«Омский Бекон» ААҚ, Омбы облысы, Калачинск қ.;

«Калининградский мясоперерабатывающий завод «Дейма» ААҚ;

"Орелпродукт" ЖАҚ, РФ, Орлов обл. Мценск қ.;

"РАПП Кавказ-мясо" ААҚ,

"Мясокомбинат Шиловский" ЖШҚ Рязань облысы, Шиловский ауданы, Шилово кенті;

"Микояновский мясокомбинат" ЖАҚ Ресей, Мәскеу қ.;

"Черкизовский МПЗ" ААҚ Мәскеу қ. - «Говядина тушеная», «Говядина богатырская», «Конина тушеная натуральная» консервілерінде; «Нежный из печени индейки», «Нежный из гусиной печени», «Нежный из говяжьей печени» паштеттерінде; «Русский фермер» кенеулі сосискаларында, «Южные по-черкизовски» сосискаларында, «Триумф» ыстап-пісірілген сиыр етінде.

Аталған өнімдердің таңбалауында доңыз етінің бар екені көрсетілмеген, бұл тұтынушыны жаңылыстырады.

Сонымен қатар, Алматы облысындағы «City Plus» супермаркетінде іріктеп алынған РФ, Алтай өңірі, «Золотой пельмешек» ЖШҚ өнімдерінде, өлшеп-оралған сібірлік пельмендерінде ішек таяқшасы тобының бактериялары анықталды.

Батыс Қазақстан облысында «Бәйтерек» супермаркетінде РФ, Мәскеу қ., «Черкизовский мясоперерабатывающий завод» ЖШҚ-ның «Аппетитные классические» сосискаларында, «Русская Черкизовская» пісірілген шұжығында, РФ, Тольяти қ., «ПК «Фабрика качества» ЖШҚ өндірген «Мускатный» сервелатында, «Чесночной» жартылай ысталған шұжығында натрий нитритының 3 есеге дейін артуы анықталды.

Ет өнімдерінің 54 сынамасында өнімдерді таңбалау бөлігіндегі сәйкес келмеу анықталып отыр.

Сәйкес келмейтін өнімдер Қазақстан Республикасының мынадай ірі сауда кәсіпорындарында сатылған: Ақмола облысында «Орталық гастроном» супермаркеті, «Анара» дүкені, «Алтын Плаза» СО; Алматы қаласында «Magnum» супермаркеттері, «Юбилейный» супермаркеті, «Green Mart» супермаркеттері; Алматы облысында «City Plus» супермаркеттері; Батыс Қазақстан облысында «Лидер» дүкені, «Бәйтерек» супермаркеті; Қарағанды облысында «ЮМА» фирмасы ЖШС супермаркеттері, «Аян» СҮ, «Қазақстан» дүкені; Қызылорда облысында «Аль-Асад» СҮ, «Small» СҮ.

Техникалық регламенттерге сәйкес келмейтін ет өнімдерінің техникалық реттеу саласындағы уәкілетті орган берген сәйкестік туралы декларациялары болған. Аумақтық департаменттер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сауда объектілерінен де, жеткізушілердің қоймаларынан да жоғарыда көрсетілген өнімдерді айналымнан алып тастау бойынша іс-шаралар жүргізуде. 

Оқылды 382 рет
JoomShaper
Top