Мұхан Исахан

Заңгер, шариғат бойынша маман

Өмірбаяны Арнау сөз Мақалалары Сұрақ қою

Өмірбаяны

Мұхан Исахан – заңгер, шариғат бойынша маман, 1978 жылдың 8 қарашасында Оңтүстік Қазақстан облысынының Ордабасы ауданында дүниеге келген. 2000 жылы Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің заң факультетін тәмамдады. 2002 жылы осы университеттің магистратурасын, ал 2006 жылы аспирантурасын табысты аяқтап шықты. Қазіргі таңда «Нұр» Қазақ-Египет ислам университетінде «Дінтану» мамандығы бойынша докторантурада оқып жатыр. Бірнеше жылдар бойы ғылыми қызметкерлікпен, аудармашылықпен, «Қазақстан-Заман» газетінің дін істері бөлімін басқарумен айналысқан. 30 шақты ғылыми, 60 шақты публицистикалық мақалалардың және «Ислам және калам мазхабтары» атты монографиялық еңбектің авторы. 15 жылдан астам уақыттан бері «Мемлекет пен діннің қарым-қатынасын құқықтық реттеу» атты тақырып бойынша зерттеулер жүргізіп келеді. М.Исахан «ҚР діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Заң жобасына ондаған ұсыныстарын енгізген. «Саяси мазхабтардың тарихы» атты монографиялық еңбегі баспадан шығаруға дайындалуда.

Арнау сөзі

Ассаламу алейкум құрметті оқырмандар!

Мен – Мұхан Исахан, теолог, «Нұр» Қазақ-Египет ислам университетінің докторантымын. Сарапшы ретінде келесі тақырыптарға қатысты сұрақтарыңызға жауап беруге дайынмын: Мұхаммед Пайғамбардың (с.ғ.с.) өмірі мен қызметі, Исламдағы мазхабтардың шығу тарихы, сопылық және тариқаттар, Исламдағы діни мерекелер, ҚР заңнамаларына сәйкес азаматтардың діни құқығы.

Еңбектері

  • Кітап №1
  • Кітап №2
  • Кітап №3

Мақалалары

  • Мәуліт мерекесі – Мұхаммед (с.ғ.с.) мерейі 
  • Садақа беру – сауабы мол игі іс! 
  • Зекет бермеу – дінге опасыздық жасағанмен тең 
  • Тарихи оқиғалар желісі бойынша имам Матуридидің сенім ілімі 
  • Ақтау қаласында «Діни экстремизм мен терроризмнің алдын-алу мәселелеріндегі БАҚ рөлі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті 
  • Айтайық, жарапазан... 
  • Тарауих намазының шариғаттағы дәлелі һәм рухани мән-мазмұны 
  • Исламның қазақ даласына таралуы 
  • Миғраж – ұлы жеңістердің хабаршысы 
  • Өзін-өзі жарған шаһид пе? 
  • Оразаны қанша күн тұтамыз? 
  • Сириядағы қанды қақтығыс «сунниттік-шииттік майдан» ба? 
  • Діни білім берудің заманауи тетіктерін игеру жайында 
  • Оразаның уақыты неге ауыспалы болып келеді? 
  • Қасиетті Қадір түні 
  • Көркем мінезді болудағы сабырдың орны 
  • Рамазан - Сабыр мектебі 
  • «Шахид болу» идеологиясының қателігі 
  • Ораза - мәңгілік бақытқа қол жеткізер құндылық 
  • Хақ үкімдері қатып-семіп қалған догма емес 
  • Уаһабшылдар қозғалысының ұлт жаназасын шығарудан басқа мақсаты жоқ 
  • Ислам үрейлендіруге қарсы 
  • "Қадір" сөзінің мағынасы 
  • Жұмаққа жолдама әперер иллаһи мүмкіндік 
  • Қасиетті кештегі айтылар дұға-тілек 
  • Қадір түнін күндізден күту керек 
  • Ораза - мәңгілік бақытқа қол жеткізер құндылық

Бесік жырындағы «Әлди-әлди» деген сөзі «Алла, Алла!» деген сөзден шыққаны распа?

Дүйсенбі, 07.09.2021

Діни дәстүр жайында айтқанда, Исламның қазақ санасына етене кірігіп кеткенінің көптеген мысалын тілі мен ділінен табамыз. Араб тілінен енген көп сөздердің түбірі ислами түсінікке ие. Мысалы, бесік жырындағы «Әлди-әлди» деген сөзі «Алла, Алла!» деген сөзден шыққанын айтып жүрсіз. Тағы қандай мысалдар бар? 

Мұхан Исахан: Қазақ сөздерінің этимологиясында оған мысал-дәйектер жетерлік. Мысалы, біз қуанғанда «Алақай» дейміз. Мұның мағынасы не? «Хай» – «Тірі» деген Алланың сипаты. Дін адамды қуанышта да, қайғыда да Алланы еске алып, шүкіршілік етуге тәрбиелейді. Қазақтар қатты қуанғанда, бөркін аспанға атып, «Алла – хай, Алла – тірі!» деп қуанышын білдіретін болған. Адам өмірден озғанда «қайтыс болды» дейміз. «Хай» - тірі деген мағынада болғанда, «тыс» сырт қалды деген сөз. «Мына дүниеден тыс қалды, бақилық болды» деген философиялық мағынаға ие. «Әлімсақтан бері мұсылманбыз» деп айтамыз. «Алмисақ» сөзі рухтар әлеміндегі Алла мен адамның өзара келісімін баяндайтын Құран аятынан алынған. «Лайым» деген жақсы сөзді де жиі қолданамыз. «Илла» – Алланың аты, яғни «Алла бұйыртса» деген мағынаны береді. Әдеби тілде «ілдебайлап» деп қалыптасқан сөзді оңтүстік жақта «Иллалап көрсейші» деп қолданады. «Аллаға сыйынып кіріссеңші» деген кеңесті білдіреді. Өзіңіз айтқан «Әлди, әлди» деген де «Алла» деген сөзден шығады. Ескі тіл заңдылығында бір дауыссыз қатаң әріп қатар келсе, екіншісі өзгеріске ұшырайтын болған. Мысалы, Аллажарды кейде «Алдияр», «Алла разы болсынды» «Алда разы болсын» деп айтып жатамыз. Яғни, «Әлди, әлди» де «Алла, Алла» деген сөз. Әжелеріміздің «Хулала, хулала» деп бала жұбататынын естіп өстік. Арабшада «Ху» сөзі «Ол», «Тек» деген мағынада. «Қубас» деп қазақта жалғыз қалған адамды айтады Яғни, «Ху» да – Алланың сипаты. Сонда, әжелеріміз «Ху – Алла, Ху – Алла» деп зікір салатын болған. «Үдесінен шығу» деген сөз бар. Шариғаттағы «иддад» деп талақ етілген әйелді бірден үйден шығарып жібермей, оны белгілі бір мерзім ішінде асырап-бағады. Осы мерзімді «идданы күту мерзімі» деп атайды. Яғни, «үдесінен шығу» да осымен сәйкеседі. Тіпті «мүдде» сөзі де діни ұғым саналады. Шариғатта өзінің ақысы үшін қазыға дау-шағым түсірушіні «мудайи» деп атайды. Яғни, біздің «мүдде» дегеніміз осы ұғымнан бүр жарған. Қазір біздің қолданысымыздағы «құқық» термині шариғаттағы «хақ» сөзінен шыққандығы белгілі. Бірақ, қазіргі «құқық» пен «хақ» ұғымының айырмашылығы үлкен. «Құқық» – тек индивидтің заң шеңберіндегі талап-тілегі саналса, ал, «қақ» дүниелік һәм ақыреттік талап-тілекті білдіретін рухани салмағы зор түсінік. Жалпы, қазақ тілінде ислами түсініктен бастау алатын сөздер өте көп. Мен тіл маманы болмасам да, осындай 200-дей сөзді анықтадым. 

 

 

 

 

Оқылды 7817 рет
Жауап берген:

Сарапшылар

Айнұр Әбдірәсілқызы

Толық ақпарат Сұрақ қою

Балғабек Мырзаев

Толық ақпарат Сұрақ қою

Алау Әділбаев

Толық ақпарат Сұрақ қою

Ершат Оңғаров

Толық ақпарат Сұрақ қою

JoomShaper
Top