Зайырлы мемлекеттегі діннің рөлі

Сейсенбі, 03.12.2021

ҚР Дін істері агенттігінің Төрағасы Марат Әзілхановтың «Зайырлы мемлекеттегі діннің рөлі» атты Қазақстан дінтанушыларының Үшінші Форумындағы сөйлеген сөзі (Астана қаласы, 13 қараша 2013 ж.)

Құрметті Форумға қатысушылар мен қонақтар!

Зайырлы мемлекетіміздегі діни ахуалды ғылыми тұрғыдан талдау, сараптау және оның көкейкесті мәселелерін шешу жолдарын талқылауды мақсат ететін Үшінші Форум жұмысының басталуымен құттықтаймын!

Форум жұмысында қарастырылғалы отырған «Зайырлы мемлекеттегі діннің рөлі» тақырыбының маңыздылығы біздің мемлекетімізді одан әрі дамыту шарттарында өзекті болып отыр. 

Тәуелсіздігіміздің жиырма екі жылы ішінде Қазақстан зайырлылық ұстанымдарынан ауытқыған жоқ. Бұл жетістігіміз Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың сарабдал және кемеңгер  саясатының айқын көрінісі.

Қазақстанның қазіргі таңдағы зайырлы келбеті мен жетістіктерін сақтау мен дамытуда – «Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты бағдарламалық құжат тың серпін берді.

Өздеріңізге белгілі, Стратегиядағы басты бағыттардың бірі «ХХІ ғасырдағы Қазақстандағы діннің рөлі» деп аталады. Осы орайда, бүгінгі Форум жұмысында көтерілетін мәселелер аталмыш Құжатқа негізделе отырып қарастырылуы қажет.

Сол себепті, ғылыми сұхбаттарыңыз бен пікір алмасуларыңыз осы маңызды Құжат аясында өтетініне сенім арта отырып, Форум жұмысына сәттілік тілеймін!

***

Құрметті Форумға қатысушылар мен қонақтар!

Сіздерге шын жүректен қош келдіңіздер деймін және Форум жұмысына қатысу ниеттеріңіз үшін алғысымды білдіремін!

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев зайырлы мемлекет моделін қалыптастырудың негізгі іргетасын қалады.

Ұлт көшбасшысы жаңа демократиялық және зайырлы мемлекет құру перспективаларын теориялық тұрғыдан негіздеп қана қоймай, сонымен бірге, тұрақты әрі гүлденген қазақстандық мемлекеттің дайындалған стратегиясын анықтады және жүзеге асырды.

Өзінің «Сындарлы он жыл» атты ауқымды еңбегінде мемлекетіміздің БасшысыҚазақстан тек формалды түрде ғана зайырлы мемлекет емес, сонымен қатар қазақстандық халықтардың тарихи діни сеніміне негізделетін табиғаты мен рухында да зайырлық сипат алатындығын баса көрсетеді.

«Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты ірі көлемді бағдарламалық құжатында Ұлт көшбасшысы шешуші бағыттары қазақстандық патриотизм, қазақстандық халықтардың әл-ауқаты мен өркендеуі, этносаралық және конфессияаралық келісім болып табылатын зайырлы мемлекеттің жүз жылдық ортасына дейінгі стратегиялық дамуының жүйелі тұжырымдамасын ұсынады.

Мемлекет басшысы ел халқына Жолдауының тұжырымдамалық негізінде өзге ұлттармен диалог жүргізу арқылы ғана еліміздің жетістіктерге жететіні мен болашақта ықпал ете алатындығын анық көрсеткен.ХХІ ғасырда Қазақстан өзінің өңірлік көшбасшылық ұстанымын нығайтып, Шығыс пен Батыстың үндестігі мен өзара іс-қимылы үшін көпір болуға тиіс.

Осы бағдарламалық жұмысындаХХІ ғасырдағы Қазақстандағы діннің рөлі мен орны ерекше көрсетілген.Олар дін аясындағы іс-әрекеттерде басшылыққа алынып, үдерістерге серпін беретін негіз қалаушы тұжырым болуы тиіс.

Біздер, Форумға қатысушылар осы жауапты істе өзіміздің пайдалы әрі тиімді үлесімізді қосуымыз қажет.

«Зайырлы мемлекеттегі діннің рөлі»негізгі тақырыбынқарастыратынҚазақстан дінтанушыларының үшінші форумыел Президентінің «Қазақстан-2050» Стратегиясында» белгіленген мақсаттарды орындауға бағытталған іс-әрекеттеріміздің бағытын айқындауы керек.

Құрметті Форум қатысушылары!

Қазақстан әлемдегі басқа елдер секілді еліміздің және оның халқының тұрақтылығы мен әл-ауқатының тірегі болып табылатын мемлекеттің зайырлылығын дамытуда қажетті шараларды жүзеге асырады.

Сондай-ақ, зайырлылық елімізде рухани құлдырау, діни көзқарастардың радикалдануы, экстремизм мен терроризм секілді шектен шығушылықтардың таралуына қарсы күрестің маңызды факторы бола алады және болуы тиіс.

Форум тақырыбының маңыздылығы мен өзектілігі де осында.

Біздің еліміз әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің үздік дәстүрлерін сақтау арқылы әлемдік қауымдастықпен жақындаса отырып, тәуелсіздіктің 22 жылындаазаматтық бейбітшілік, ұлтаралық және конфессияаралық келісімсекілді басты құндылықтар қалыптасқан қауіпсіз зайырлы мемлекет ретінде қалыптасты.

Қазақстан барша әлемге көптеген этностар мен конфессиялардың бейбітқатар өмір сүруі мен диалог құрудың мүмкін екендігін дәлелдеп келеді.

Мәдениеттер мен діндер арасындағы диалогты нығайтудағы, әлемдегі дін лидерлері арасында ынтымақтастық пен сындарлы серіктестік орнатудағы қазақстандық тәжірибеәлемдік деңгейдеәділ мойындалған.

Қазақстан Президентінің бастамасымен Астанада 2003, 2006, 2009, 2012 жылдары Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съездері болып өтті. Бұл ғаламдық толеранттылық форумдары зайырлы мемлекеттің сыртқы саяси бағытының дұрыстығы мен сараланғандығын көрсетті және конфессияаралық ынтымақтастықтың қазақстандық моделінің тиімділігін көрсетіп берді.

2015 жылы діни лидерлердің Бесінші Съезін өткізу туралы ХІІ Съез Хатшылығы мүшелерінің шешімі әлемдік саясаткерлер мен шетелдік сарапшылар тарапынанҚазақстандағы діни және қоғамдық-саяси саладағы қолайлы ахуалдыңкөрсеткіші ретінде бағаланды.

Бұл біз үшін зор мәртебе және зор жауапкершілік.

Айтылғандар аясында, біздің ойымызша, Дінтанушылар Форумының міндеті.

 – қоғамда үндестік пен бейбітшілікті орнатудың жолдары мен механизмдерін қарастыру, қауіптердің алдын алу, қоғамдық қауіпсіздікті сақтау мен нығайтуда этностар, мәдениеттер, діндер арасындағы өзара түсіністіктері мен диалогының жаңа деңгейіне жету.

Диалогқа негізделген өзара түсіністік, діндердің міндеті, жауапкершілігі және этностардың бейбіт қатар өмір сүруі мен келісімді орнату әдістері болып табылады. «Ынтымақ бар жерде – береке бар» деген қазақ халқының даналығы адамзат өміріндегі айнымас құндылыққа айналғандай. Оның қазіргі кезде де өзектілігі жоғары және сол себепті біздің өмірлік ұстанымымызға айналуы тиіс.

Біздің мемлекетімізде бейбіт өмір сүру мен еңбек етуге барлық жағдай жасалған. Бұл – тұрақты саяси-әлеуметтік жағдай, экономикалық мүмкіндіктердің жандануы, конфессияаралық келісім мен өзара сыйластық, дін алаңындағы құқықтық реттеу болып табылады.

Мемлекет пен діни ұйымдардың арасындағы өзара әрекеттестік үдерісі қарқынды түрде жүзеге асуда.

2011 жылы қазан айында қабылданған Қазақстан Республикасының «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Заңы еліміздің діни келбетін реттеуге мүмкіндік берді.

Алайда өздеріңізге белгілі, бүгінгі қазақстандық қоғамның рухани саласында орын алған жағымды өзгерістермен қатар, діни экстремизм мен терроризмге қатысты бірқатар үрейлі мәселелер де назарға ілігуде.

Олардың таралуына негізгі тосқауыл қоғамның мұндай идеяларды қабылдамауы болып табылады.

Мемлекет Басшысы«Қазақстан Республикасында 2013-2017 жж. діни экстремизм мен терроризмге қарсы мемлекеттік бағдарламасында»бізге дәл осы маңызды тапсырманы қойып отыр.

Құрметті Форумға қатысушылар! 

Біздің ортақ міндетіміз бен оны шешу жолдарына тоқталып өтуге рұқсат етіңіздер.

Бірінші.Мемлекет Басшысы Жолдауында атап өткендей, «біздезайырлы қоғамның дәстүрлеріде бар екенін,ҚазақстанКонституция бойынша, зайырлымемлекет екенінұмытпауымыз керек».Біздің міндетіміз – зайырлы мемлекет құру мен оны дамыту, халыққа оның принциптері, соның ішінде діни қатынастар саласында ұғындыру болып табылады.

Екіншіден.Халқымыздың дәстүрі мен мәдениет нормаларына сәйкес келетін және адамзаттың үздік әдеп нормаларына сәйкес келетін діни сананы қалыптастыруымыз қажет.

Мұнда дін лидерлерінің миссиялары мен қызметтері, сондай-ақ, зерттеушілер, дінтанушылар қауымдастығы мен қоғамда жоғары құрметке ие зиялы қауым өкілдерінің белсенді қызметтері жарқын көрініс табуы қажет.

Біз қоғамымыздың орта ғасырларда емес, ХХІ ғасырда өмір сүруін қамтамасыз ететін өзін өзі ұстаудың жаңа үлгілері мен діни сананы қалыптастырып, ұсынуымыз қажет.

Іс-әрекет пен сананың жан-жақты мойындалған рухани қағидаты тұрақтылық пен зайырлылыққа және қоғамның өркендеуіне жол бастауы қажет.

Үшінші.Радикализм, экстремизм мен терроризмнің тамыр жаюына қарсы қимылда мемлекет пен азаматтардың өзара әрекеттестігі мен күштерін біріктіру шараларының жүйесін ойластыру қажет.

Біз:БІР ЕЛ –  БІР ҰЛТ – БІР ТАҒДЫР!Формуласы шеңберінде өзіміздің ұлттық болмысымызды барынша нығайтып дамытуымыз қажет.

Төртінші.Біз рухани иерархияға, қатыгездік, өшпенділік және қанағатсыздықтан бұрын төзімділік, сенім, әділеттілік бірінші орында болатын рухани құндылықтар жүйесін ұсынуымыз қажет.

Ирландық ойшыл Эдмунд Берк: «Жамандықтың салтанат құруы үшін жалғыз нәрсе қажет, ол – жақсы адамдардың ешқандай әрекет жасамауы»,- дейді. Сол себепті де, біз сенімнің агрессиялы және қырып-жойғыш фанатизммен алмасуына жол бермеуіміз керек. Қазіргі уақыт нақты әрекеттер уақыты, әсіресе дін лидерлері тарапынан нақты қадамдар жасаудың уақыты келді.

Бесінші.Бүгін, әрбір бесінші адам әлеуметтік желіні пайдаланған ақпараттық технология заманында, Президентіміз атап өткендей, «сүзгі» адамның өз ішінде болуы қажет.Алайда, осы сүзгіні қалыптастыруды, оның жолдары мен әдіс-тәсілдерін, әдіснамасы мен жүйесін білетін біз – қауымдастық жүзеге асыруымыз керек.

Алтыншы.Қазақстан Республикасының 2013-2017 жылдарға арналған діни экстремизм мен терроризмге қарсы мемлекеттік бағдарламасы аясында біз әлеуметтік, этникалық, діни қысым мен шиеленістерді еңсерудің жаңа әрі тиімді механизмдерін қалыптастыруымыз қажет.

Күмәнді жалған діни ағымдардың қызметі қатаң түрде тыю мен қоғамымызда, әсіресе жастар арасындағы діни экстремизмнің алдын алуды күшейтуіміз қажет.

Жетінші.Діни ахуалдың тұрақты және сапалы мониторингін қалыптастырып, жасырын процестер мен құбылыстарды айқындау қажет. Осы мәлелерге қатысты жүргізілетін ғылыми және әлеуметтанулық зерттеулердің сапасы мен тиімділігін күшейтіп, зерттеу әдіснамасын дайындау қажет.

Дінтанушылар қауымдастығына Президенттің «ХХІ ғасырдағы Қазақстандағы дін» тақырыбындағы нұсқаулары негізінде бағдарламалық зерттеулердің тақырыбын айқындауды ұсынамын.

Сегізінші.Этноконфессиялық толеранттылықты қалыптастырушы институттардың қызметін бірлесе отырып жетілдірген жөн.

Біз бірлесе жүзеге асыру үшін толеранттылық, тұрақтылық және өзара сыйластық пен халық дәстүрін насихаттау негізінде қазақстандық қоғамды біріктіру бойынша дәлелді әрі нақты жазылған жобалар мен бағдарламаларды күтеміз. Бұл қоғам қажет ететін өткір, мазмұнды, патриоттық сипаттағы ісшаралар болуы тиіс.  

Тоғызыншы.БАҚ пен қоғамдық институттардың әлеуеттерін Қазақстан тұрғындарының, әсіресе, жасөспірімдер мен жастардың арасында дінге халықтың салт-дәстүрімен сәйкесетін дұрыс қатынасты қалыптастыру үшін қолдану қажет.

Біз қоғамның түрлі әлеуметтік қабаттарына мақсатты тәсілдерді дайындауымыз қажет және нақты ақпараттық месседждері бар ісшаралардың желілік кестесін иемденуіміз және БАҚ-қа материалдарды олар тұжырымдық ақпараттық трендтер қалыптастыратындай етіп беруіміз қажет.

Тұрғындардың деструктивті діни идеологияға иммунитетін қалыптастыратын әдістер мен механизмдерді жетілдіру қажет.

Оныншы.Дінтанушы кадрларды дайындау мен діни ағарту жүйесін қайта қарау және шетелдік оқыту бағдарламаларының үздік тәжірибелерін зерттеу қажет.

Және соңғысы.Дін мәселесінде терең ойластырылған әрі сараланған тәсіл және сыпайылық пен асқан ептілік қажет етіледі. Біз ар-ұждан бостандығы, толеранттылық пен діни төзімділік қағидаттарын берік ұстануымыз қажет. Мұндай тәсіл бір жағынан бізге үлкен ішкі күш берсе, келесі жағынан – үлкен жауапкершілікті жүктейді.

ҚұрметтіФорумғақатысушылар!

Айтып өткенімдей, бүгінде баршамыздың алдымызда үлкен міндеттер тұр, олардың ішінде маңыздысы –зайырлы мемлекеттің конституциясы негізінде, қазақстандықтардың халқымыздың дәстүрі мен мәдени нормаларына сәйкес келетін діни санасын қалыптастыруболып табылады.

Осы орайда, көрсетілген міндеттерді жүзеге асыруда барлық қазақстандық дінтанушылардың, ғалымдардың, оқытушылардың жауапкершілігі арта түсетінін тағы бір атап өткім келеді.

Біздің Агенттік өзара жобаларды жүзеге асыруға дайын және сындарлы әрі тиімді ынтымақтастыққа сенім артады.

Форумның барлық қатысушыларына нәтижелі жұмыс пен қызықты пікір алмасулар тілеймін.

***

ҚұрметтіФорумғақатысушылар! 

Баяндамамды қорыта келе, жоғарыда аталған мақсат-міндеттерді бірлесе жүзеге асыруға шақырамын.

Бұл бағыттағы біздің ортақ қызметіміз зайырлы мемлекетіміздің одан әрі гүлденуіне, тәуелсіздігіміздің баяндылығына, халқымыздың ынтымағы мен бірлігіне және конфессияаралық келісімнің нығаюына зор үлес қосатынына сенімдімін.

Назарларыңызға рахмет!

 

 

 

Оқылды 4883 рет
JoomShaper
Top