Алау ӘДІЛБАЕВ: Күрделі күреске батыл бастама

Бейсенбі, 15.09.2021

Дін адам баласының жаратылысымен қатар дүниеге келіп, қиямет қайымға дейін жалғасын табатын құбылыс. Сондықтан дін мәселесі адамзат тарихының барлық кезеңінде маңызды рөл ойнағаны белгілі. Соған орай мемлекет пен дін арасындағы қатынастар әр елдің ерекшелігі  мен тарихи шарттарға байланысты түрлі деңгейде көрініс тауып отырғаны мәлім.

Тәуелсіздік алған жылдардан бері қарай елімізде дін саласын реттейтін түрлі құрылымдар құрылып, мемлекет пен діннің арасын реттеу мақсатында жаңа заңдар қабылданды. Бұл заңдардың жетістіктері мен қатар кемшіліктері  болғаны белгілі.

Ал күні кеше ғана Елбасының қаулысымен елімізде жаңа Дін істері және азаматтық қоғам министрлігін құрылып, Нұрлан Байұзақұлы Ермекбаев министр ретінде тағайындалды.

Әрине мемлекеттік басқару жүйесінде жаңа тағайындаулардың орын алуы елімізде және әлемде орын алып отырған тығырықтан шығу мақсатында жасалып отырған маңызды қадамдардың бірі. Соның ішінде дін мәселесі әлемдік деңгейде өткір тұрған аса күрделі тақырыптардың бірі екендігі сөзсіз.

Қазақстанда діни радикалды топтардың белсенділігінің артуы ел бірлігі мен тұрақтылығына әрі ұлт болашағына қатер төндіріп отыр. Өз кезегінде бұл күрделі жағдай жаңаша, батыл қадамдар жасауды талап етеді. Жаңа құрылған министрлікке өте ауыр міндеттер мен жауапкершіліктер жүктелуде. Сондықтан да Нұрлан Байзақұлы мырзаға ел болашағының баяндылығы үшін аса маңызды саналатын осы ауыр қызметіне табыс тілейміз!

Алау ӘДІЛБАЕВ,

«Нұр-Мүбәрак» ислам мәдениеті

университетінің оқытушысы,

исламтанушы

Оқылды 193 рет
JoomShaper
Top