Нұрлан ЕРІМБЕТОВ: Лаңкестердің ата-аналарын жазалау керек

Жұма, 16.09.2021

Астана. 16 қыркүйек. E-ISLAM – Қазақстан Азаматтық альянсының басшысы Нұрлан Ерімбетов экстремистік ұйымдарға қатысы бар жастардың ата-аналарын да жауапқа тарту керектігін мәлімдеді. 

Еске салсақ, Парламент мәжіліс депутаттары (кіші палата) «экстремизм мен терроризм» мәселелеріне байланысты заңды қайта қарастырып жатыр. Заң бойынша, экстремизм мен терроризмге қатысты қылмыс үшін жауапкершілікті қатаңдатуды көздеп отыр. Мәжіліс депутаттары мен қоғам мүшелері бұл заңнаманы қарауды жалғастыруда.

«Ата – аналардың да жауапкершілікке тартылу себебі олар өз балаларының қайда кетіп, қайда қонып, қай күйде келетінін, не жайында айтатынын көріп жүреді, балалары көз алдында. Менің ойымша, баласын жазаласақ, ата- анасын да жазалау қажет» деп мәлімдеді Нұрлан Ерімбетов жұмыс тобының отырысында.

Саясаткер бүгінгі таңда жастардың бос уақытын тиімді пайдалануға шақырды.

«Менің ойымша, бүгінгі таңда, жергілікті атқарушы ұйымдарға, мәслихаттарға, ауыл мен облыстарға міндетті нормативтерді орындайтын ұйымдар қажет, балалар бос жүрмеуі керек» деді Н. Ерімбетов.

Оқылды 539 рет
JoomShaper
Top