Содырлардан СПИД жұқтырдым...

Дүйсенбі, 07.09.2021

 

 

 

Лимая есімді Тунис азаматшасы шетелдік «Аш-шуруқ» басылымына жантүршігерлік оқиғасын баяндап берген. «Жыныстық жиһадқа» ұрынған ол Сирия еліндегі содырлармен төсектес болып, СПИД ауруына шалдыққан. Аяғы ауыр болып қалған бойжеткен жастықтың желігімен жаза басқанын жасырмайды.

 Лимаяның өз аузынан:

«Мен жас едім. Ислам дінінің негізгі қағидаларынан алшақтау болып өстік. Бертін келе ислам дінін терең іздене бастадым. Сөйтіп жүргенде бір жігітпен таныстым.  Уақыт өте әлгі жігітпен жақсы байланыста болдым. Ол маған ислам негіздерін барынша түсіндірді. Ал, мен оның айтқандарын ешбір сүзгіден өткізбестен, иландым. Керек десеңіз, ол не айтса соны істейтін «құл» болып кеткенімді енді біліп отырмын. Кейіннен бұл жігіттің ислам  дініне деген көзқарасы дұрыс емес, адамды арбап-арбаудың шебері екеніне көзім жетті. Бірақ, алғашқыда оның ауызынан шыққан әрбір сөзге риясыз сенетін едім.

Бір күні маған әйел адамның «қасиетті соғысқа» өз үлесін қоса алатыны туралы  айтып берді. Яғни, ислам дұшпандарына қарсы жаппай күресіп жүрген  азаматтардың жаны мен тәнін рахаттандыру үшін әйел адамдар қызмет ете алады-мыс. Осылайша, аталған «игі» амалдарға қол жеткізуді мақсат тұтқызды. Әлгі жігіт маған мұндай амалдарға қол жеткізу үшін, тіпті  қайда бару керектігі туралы бағыт-бағдар берді.

Бір күні бәрін тастап елден кетуге бел будым. Алдымен Ливия еліне жетіп, әрмен қарай  Бенгази қаласына бардым. Бенгазиден Түркия еліне ұштым. Түркияның Алеппо қаласы діттеген жерім еді.

Алеппоға барған сәтте тунистік Абу Аюб ат-Туниси атты бір жерлесім күтіп алып,  шатырлар құрылған лагерге алып барды. Онда бір шатырдың астына жиналған көптеген қыз-келіншектерді көріп таң қалдым. Олардың бәрінің мақсаты «жыныстық жихад» еді. Сол қыздар жиналған шатырға жауапты йемендік Филқ Омар деген кісі болды. Ол шетелден келген мен сияқты жаңа қыз-келіншектермен алғаш болып төсектес болатын азамат екен.

Осылайша, мен пәкістандық, ауғанстандық, ливиялық, тунистік, ирактық, сауд арабиялық және сомалия азаматтарымен төсектес болдым. Ал, қазіргі құрсағымдағы баланың әкесі және нәсілі кім екенін де білмеймін.

Уақыт өте келе,  менің бар білгенім «қасиетті соғыс» деп жүрген содырлар үшін әйелдің құны жоқ екен. Олар өздері рахаттанып болғаннан кейін, сені адам құрлы көрмейді. Әлгі содырлардың осындай теріс қылықтарын көріп, мезі болдық. Бір күні аталмыш лагерден қашпақ болған бір қыз қолға түсіп қалып,  жантүршігерлік азаптаудың салдарынан көз жұмды. Мұны көрген мен тек қашып кетудің жолын ойладым.

Айта кетейін, негізінен мен болған лагерь көрші елмен шекаралас жерде орналасқан. Сол шекараны пайдаланып, мен де елден сытылып шығып, әрең дегенде қашып құтылдым.

Елге аман-есен оралғаннан кейін, денсаулығым сыр берді. Аурухана жағаладым. Тиісті анализдерді тапсыру нәтижесінде, аяғым ауыр екенін білдім. Ең сорақысы - мен және ішімдегі балам да СПИД ауруына шалдыққан болып шықтық».

 Аударған Жалғас АСХАТҰЛЫ,

 дінтанушы

 

 

 

 

 

 

Оқылды 3820 рет

E-islam газеті

 

Әлеуметтік желілер

Намаз уақыты

 

Сауалнама

Күнтізбе

« Қыркүйек 2015 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жб
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30        

Аудио

JoomShaper