Мауараннахр – ғылым мен ғұламалардың орталығы

Бейсенбі, 30.04.2022

Ислам түсінігінің Орта Азия даласында көшпенді өмір сүрген түркі халықтарының арасында қалыптасуында ғылым және сауда-экономикалық орталық ретінде Мауараннахр ерекше маңызы орын алады. Исламның Қазақстан аумағында мың жылдық тарихы бар. Сол кездерден бастап Мәуераннахр ғылым мен мәдениеттің орталығына айнала бастады.

Тарихи және жергілікті салт-дәстүрлерге бейімделген жергілікті ерекшеліктер мықтылығын сақтай отырып Исламның негіздерінің ішінде өзінің орнын сақтады. Тасаууф (сопылық) ілімінің ықпалымен сол дәуірде қарапайым, кейбір өңірлерде шариғат ережелерін қатаң жүзеге асыруды қажет етпейтін діни түсінік кеңінен тарады.

Исламның таралуымен бірге мықты бір ғылым мен мәдени қозғалыстардың нәтижесінде Орталық Азия мыңнан астам ғұламалар шығарған даңғаза ғылым ордасына айналды.

Қараханидтер билігі кезінде құрылған медреселерде дін ғылымдарымен қатар, филология, логика, математика, астрономия, медицина және философия секілді ғылым салалары оқытылды.

Ислам әлемі Фараби, Бируни, ибн Сина секілді данышпандардың арқасында өркениет тарихында өзінің лайықты орнын ала білді.

Шығыс пен Батыста Аристотельден кейінгі екінші ұстаз болып саналатын Фараби философия, логика, метафизика, рационалды психология, ахлақ және саясат салаларында 200-ге жуық еңбек жазды.

Философ және дәрігер ретінде танылған ибн Сина Орта ғасырда медицинаға көптеген жаңалықтар әкелген «ал-Канун фи-т-Тыбб» атты еңбек жазды.

Орта Азиялық ғалымдар астрономия және математика ғылымына да маңызды үлес қосты. 9 ғасырдың танымал ғалымы Ахмет ал-Ферғаниді батыс әлемі Алфраганус ретінде және астрономия ғылымына қосқан үлестерімен естерінде сақтады. Ферғанидің астрономияға қатысты жазған «Cevami` `Ilmi`n-Nucum ua Usul al-Harkat al-Samaviye» атты кітабы XII ғасырдан бастап XV ғасырға дейін Латын, Француз, Грек және Италия тілдеріне аударылды.

Ислам ғылымы тарихында астрономия және математика саласындағы тапқыштығымен әйгілі болған ғалымдардың бірі де Әбу Абдулла Мухаммад бин Муса ал-Хорезми (850) «ал-Жабр уа ал-Мукабала» атты еңбегімен танылды. Хорезмидің ислам мәдениетіне ең көп үлес қосқан саласының бірі география ғылымы. «Суратул-Арз» атты еңбегі осы тақырыпта жазылған алғашқы дүниесі. Бұл кітапта 69 ғұламаның бірлесе зерттеп жасалған әлем картасы бар. Осы карта ислам әлеміндегі жер жүзінің және аспан әлемінің карталарының алғашқысы. Италиялық математик Геролома Гардано (1544-1624)  Хорезмиді «әлемнің ең ұлы он екі ойшылы» ішіне қосады.

Ғылым әлемінде астрономия мен математикамен бірге көптеген ғылым саласындағы жетістіктерімен танымал болған, түркі жұртының мақтан тұтар тұлғаларының бірі де Бируни (973-1048) болып табылады. 100-ден астам еңбектерінің 95-і астрономия, математика және география саласымен байланысты.  Ғылым тарихшысы Джордж Сартон Бируниді «философия, математика және география саласында барлық дәуірдің ең  ұлы ғалымы» ретінде бағалайды.

Көріп отырғанымыздай, дін мәдениеттің негізін қалаған ең маңызды динамикалардың бірі болып саналады.

Егер де Ислам діні қоғамның өркендеуіне жақсы жағдайлар жасамағанда халық оған соншалықты қолдау көрсетпес және біздің мәдениетіміз мен өмірімізде өшпес із қалдырмаған болар еді.

Юсуф Хаж Хажиб Баласағұни (470/1077), Ахмет Ясауй (562/1166), әл-Фараби, (339/950), Сығанақи (711/1311) секілді үлкен ғұламалар мен Қарнақ, Яссы, Тараз, Ақмола медреселері мұсылмандықтың бізге қалдырған тамаша мұралары.

Балғабек МЫРЗАЕВ

 

Оқылды 1432 рет
JoomShaper
Top