Дұғанының әдебі қандай?

Сейсенбі, 25.10.2021

 Фәдалә ибн Убәйдтан (р.а.) жеткен хадис:

Бір күні пайғамбарымыз (с.ғ.с) мешітте отырған еді. Бір адам ішке кіріп, намазға оқуға тұрды. Намаздан кейін:

– Уа Раббым! Мені кешіре гөр! Рахметіңе бөлей гөр! – деп дұға ете бастады. Мұны байқап отырған пайғамбарымыз (с.ғ.с) әлгі адамды жанына шақырып:

– Тым асықтың, – деді де оған қалай дұға ету керектігін былайша үйретті:

– Намазыңды бітірген соң «Әлхамдулилляһ Раббил-аләмин!» деп бастап әуелі Әлемдердің Раббысы болған Аллаға мақтау-мадақ айт. Содан кейін «Уәссәләту уәссәлму алә Мұхаммәд!» деп маған салауат пен сәлем айт. Одан кейін қалауыңша дұға ет!»

Одан кейін мешітке тағы бір адам келіп, намаз оқыды. Намаздан соң Аллаға мадақ, пайғамбарымызға салауат пен сәлем айтып бас­тады. Мұны да байқап отырған пайғамбарымыз (с.ғ.с):

– Уа, намаз оқыған адам! Дұғаңды жалғастыр, сенің дұғаң қабыл болады. Алладан қалауыңды сұра! Қалағаныңды береді! – дейді (Термези, Нәсәи, Әбу Дәуд).

 Сұлтан КЕРІМ

Оқылды 296 рет
JoomShaper
Top