Табарани серігінен ғылымды көп жаттауымен басым түссе, Əбу Бəкір парасатымен үстем боп тұрды. Пікірталасқа кірісіп кеткен екі ғалымның дауыстары көтеріліп кетті. Сонда Жағаби: «Мен бұ дүниеде ешбір ғалым білмейтін бір хадисті білемін», деді. Табарани: «Кəне, айт», деді. Жағаби: «Хадисті маған Əбу Халифа, оған Сулейман ибн Аюб жеткізген», деп хадисті айтып берді. Сонда Табарани: «Сулейман ибн Аюб – ол мен. Əбу Халифа хадисті менен естіген», деп еді Жағаби қысылып қалды», деп Ибн Ғамид əңгімесін аяқтай келе: «Уəзірлік мансабы менде болмай Табарани болғым кеп, соның қуанышы менде болғанын қаладым» деген екен. (Имам Заһаби, «Тазкират Хуффаз», 3-915, имам табарани өмірдерегінен)
Руслан Қамбар,
исламтанушы