Сақтық

Дүйсенбі, 29.08.2021

Әбу Ханифа харамға барын­ша сақ еді. Егер бір нәрседен шүбәланса, қолындағы бар дүниесін дереу садақаға тара­тып жіберетін.

Бірде серіктесі Хафыс ибн Абдуррахманға заттарын беріп, сатуға жібереді. Заттарының арасында бір киімде ақау бар екенін ескертіп, осы киімді сатқанда, кемістігін айтуын тап­сырады.

Серіктесі киімдерді са­туын сатқанмен, әлгі киім жайлы ескертпені ұмытып кетеді. Алған адамның кім екені де есінде қалмайды. Әбу Ханифа мұны естігенде, сол заттардан түскен қаржының барлығын тағы да садақаға арнады.

Оқылды 161 рет
JoomShaper
Top