Сирия ғалымының соғыс жайлы пәтуасы

Дүйсенбі, 04.05.2022

Уаһбат Зухайли – Сирия ғұламасы. Әлемдік фиқһ академиясының мүшесі. Көп жылдар бойы Дамас университетінің «Ислам фиқһы және мазхаптар» кафедра меңгерушісі қызметін атқарып келді. Ол фиқһ бойынша «Ислам фиқһ энциклопедиясы және заманауи мәселелер» атты 14 томдық төрт мазһаб көзқарасын қатар жазған бірегей еңбек авторы. Аталмыш еңбектің 7-томында жиһад жайлы былай жазылған:

– Бұрынғы және қазіргі заманда соғыс – екі мемлекеттің немесе мемлекет негіздерінің бірі саналатын бір халықты білдіретін мемлекеттік сипаттағы екі тұлғаның арасындағы күрес. Мемлекеттің негізі – оның жері немесе отаны, халқы немесе ұлты, билігі немесе жоғарғы саяси басқару құрылымы. Міне, бұл – мемлекет. Екі тараптың соғысы белгілі әскери құрылыммен шектеледі.  Соғыстың залалы бейбіт тұрғындарға атап айтқанда әйелдерге, балаларға, дін адамдарына, шаруа, саудагер, өнерші мен жұмысшылар және т.б. сол сияқты адамдарға тимеуі тиіс. Оларға қарсы қару көтерілмейді.

Соғыс жарияланған соң қатер төнеді, жер, су және ауадан қауіп келеді. Міне, мұның барлығына да заң бойынша мемлекет жауапты. Мемлекет соғыс талаптарына, жүйелі әскер қимылын толықтай қадағалайды. Мемлекет басшысы өз кезегінде қарулы күштердің бас қолбасшысы болып табылады. Бас қолбасшы ретінде соғысты жариялаушы және оның біткенін мәлімдеуші жауапты тұлға – мемлекет басшысы.

Сонымен бірге, қарулы қақтығысты реттеу мақсатында екі мемлекет аралық бейбітшілік пен тыныштықты орнату үшін уақытша немесе толықтай келіссөздер жасау бас қолбасшы құзіретінде. Мұның барлығы халықтың мүддесіне қарай жасалады.

Осы заманауи саяси негіз Ислам шариғат үкімдер мен Ислам фиқһында бекітілген. Бұл қағида тарих бойына мұсылмандар және басқа елдер арасында болған соғыстарда қолданылған. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) өзі қатысқан 27 шайқастарда да және одан кейінгі саяси қақтығыстарда да халифа (жоғарғы басшы) соғысты жариялаушы және бітім жасаушы тұлға болып табылады.

Басшыларға осы құқық берілуінің негізі дінді қорғау және дүниелік саясатты сақтауда пайғамбардың (с.ғ.с.) орынбасары болғандықтан[1].

Міне, нағыз сүннетпен жүремін дейтін адамға әлімдік деңгейдегі ғұламаны пәтуасы.

Құрметті оқырман қауым! Әріптесіңіз, туысыңыз, мейлі, кім болсын, жиһад жайлы сөз қозғай қалған жағдайда У.Зухайлидің пәтуасын жадыңыздан шығармағайсыздар.

Руслан ҚАМБАРОВ,

исламтанушы

 

 



[1] Уаһбат Зухайли, «Ислам фиқһы және мазхаптар», 7-том, 165-бет  

Оқылды 2316 рет
JoomShaper
Top