«Жыныстық жиһадтың» құрбаны: «Содырлар шариғаттағы неке үкімін бұрмалап алған»

Жұма, 11.09.2021

2013 жылы жалған «жыныстық жиһадқа» қатысты  пәтуа шыққаннан кейін Айша Бакри есімді Сауд Арабия азаматшасы отбасын тастап Сирияға аттанып кеткен. Айша Сирияда басынан өткен жағдайды «Almasalah»  интернет басылымына  былай баяндаған:

«2013 жылы «жыныстық жиһадқа» қатыстысты пәтуа  шыққаннан кейін,   бәрін тастап елден кетуге қамдандым. Ешкімге тіс жармастан өзімше елден кетуді ойладым.  Бірнеше уақыттан кейін Сирия еліне де жеттім.  Ондағы мақсатым «жыныстық жиһадқа» қатысты пәтуада айтылғандай, үлкен сауапқа кенелу еді. Ол уақытта жасым 15-те. Сириядағы аты танымал террористік «жабхатәл-нусра» ұйымының содырларының қатарына қосылдым. Осылайша, жарты жыл бойы содырлармен төсектес болдым. Олардың барлығы әр түрлі елден келген шетелдік азаматтар еді. Басым көпшілігі Алжир елінің азаматтары. Осы жарты жыл ішінде «жабхатәл-нусра» қатарындағылардың әрбір қылықтарына көңілім толмай қатыгез, жанкешті әрекеттерін көріп, қалайда елге қайтуды жоспарладым. «Жабхатәл-нусра» содырлары шетелден келген мен сияқты қыз-келіншектермен уақытша некеге тұрады. Сосын қалаған уақытында талақ етіп басқа қызбен некелеседі. Бір сөзбен айтқанда шариғаттағы неке үкімін бұрмалап алған.

Осындай өтірік "жиһадшылардың" шариғатқа қайшы амалдарын көріп мен бірнеше айдан кейін еліме аман-есен оралдым. Әрине, жалғыз қайтпадым. Өкініштісі, құрсағымда «жабхатәл-нусра» жетекшісінің баласы болды»

Дайындаған Жалғас АСХАТҰЛЫ,

дінтанушы

Оқылды 1298 рет
JoomShaper
Top