Атырау облысы мешіті

Сәрсенбі, 21.08.2021

Екінші «Иман» мешітінің ірге тасы 1999 жылы қыркүйек айында қаланды. Іші силикат кірпіштен қаланған. Сырты мәрмәрмен қапталған.

 

 

Екінші «Иман» мешітінің  ірге тасы 1999 жылы қыркүйек айында қаланды. 
Іші силикат кірпіштен қаланған. Сырты мәрмәрмен қапталған. Бас мердігер мекеме «Атыраугорстрой» ЖШС-тен басқа Алматыгорстрой ЖАҚ жүргізді. Қаражатын «Шапағат» қоғамдық қайырымдылық қоры көтерді. «Алма» және «Акра» ЖШС-тың құрылысшылары гипскартон бетіне Канададан әкелінген страйфаум деп аталатын материалды, кіре беріске әдемі плиткалар, еденнің бетіне ковралан атты кілем тектес төсеніш төседі. Орталық күмбез астындағы салмағы жарты тонна 150 шамы бар алып люстраны «ҚазақОйлЕмбі» АҚ-ы сыйлады.
Орнамент төсегіне Батыс өңірінің ерекшеліктері ескеріліп, «түйетабан» өрнектері таңдар алынған. Намаз бөлмесінің төріне, орталық күмбезді айналдыра және орталық қақпаның қос қапталына қасиетті Құран аяттарының сүрелі жазылып, жапсырылған. 
2001 жылдың 5 мамырында  мешіт ресми түрде ашылды. Сөйтіп небәрі 7 айда қала ортасынан зәулім ғимарат бой түзеді. 
Мешіт 600 адамға арналған, екі қабаттан тұрады. Мешітте екі үлкен зал бар: бес уақыт намаз оқитын зал, ерлер мен әйелдер намаз оқитын зал. Кітапхана, оқу бөлмесi, имам, шаруашылық қызметкерлерінің бөлмелері, таһарат орындары болуы да ескерілген. Мешіт екі мұнаралы, бір күмбезді. Бас мұнарасының биіктігі 20,7 метр.  Барлық бөлмелерге «Алматы кілем» фабрикасы тоқыған кілемдер төселген. Ғибадатхана қабырғасының биіктігі 15 метр. Есік маңдайшалырының жоғары жағы батырлар дулығасы іспетті. Мінберінің биіктігі 3 метр. Ол өте сапалы ағаштан жасалған. Үлкен күмбездің диаметрі 5, қалған 6 кіші күмбездерінің диаметрлері 1 метр. 
Мешіт айналасына 300-ден астам шырша ағаштары отырғызылған. Газон шөптері өсіріліп, мешітке сән беріп тұр. Мешіт 9358 шаршы метр  жерді алып жатыр.

 


 

Оқылды 2697 рет
JoomShaper
Top