ҚМДБ-ның Атырау облысындағы өкілі, «Иманғали» мешітінің бас имамы

Сәрсенбі, 21.08.2021

17 желтоқсан 1977 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданы Тоқаш Бердияров совхозында дүниеге келген.

 

 

 

Мансұров Батыржан Берденұлы  – 1978 жылы дүниеге келген.

Халықаралық қазақ-араб университетінде бакалавриатты, Абылайхан атындағы Қазақ Халықаралық қатынастар және Әлем тілдері университетінде магистратураны тәмамдаған. Түркияның Стамбул қаласында Қ.А. Яссауи атындағы Құран курсында және Египеттің Каир қаласында мұғалімдер дайындайтын курстарда білімін шыңдаған. Сонымен қатар, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті филология факультетінің докторанты. Әр жылдары ол Халықаралық қазақ-араб университетінде қазақ тілі мен араб тілі пәндері бойынша оқытушы, «Хикмет» ЖШС баспа үйінің директоры және рухани-танымдық, діни, тарихи-мәдени «Рахмет самалы» журналының бас редакторы, ҚМДБ-ның Республикалық имамдардың білімін жетілдіру институтының ұстазы, Алматы облысы, Талғар ауданы, Белбұлақ ауылында орналасқан «Шамалған» медресесіне қарасты Мұрат Төреқұлұлы атындағы қарилар дайындайтын бөлімнің басшысы қызметтерін атқарды.Алматыдағы «Таугүл-3» мешітінде наиб имам қызметін атқарды.

2013 жылдың қараша айынан бастап Бас мүфти Ержан Маямеровтің бұйрығына сәйкес, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Атырау облысындағы өкіл имамы, «Иманғали» мешітінің бас имамы болып тағайындалды. 

 

Мешіт мекен-жайы: Атырау қаласы, Сәтбаев көшесі №15,
Мешіт тел.: 8 (7122) 270-843, 270-846

Дереккөз

 

 

Оқылды 4208 рет
JoomShaper
Top