Елбасы Сауд Арабиясының Королімен кездесті

Сәрсенбі, 26.10.2021

Астана. 26 қазан. E-ISLAM – Елбасы Сауд Арабиясының Королі Салман бен Әбдел Әзиз Әл Саудпен кездесті, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Келіссөздер барысында екі елдің көшбасшылары Қазақстан мен Сауд Арабиясы ынтымақтастығының негізгі бағыттарын, атап айтқанда, сауда-экономикалық, саяси және мәдени-гуманитарлық салалардағы байланыстарды нығайту перспективаларын талқылады.

Сондай-ақ тараптар өзара іс-қимылдың түрлі салаларында, соның ішінде ауыл шаруашылығында зор әлеуетке қол жеткізілгенін және қарқынды даму бар екенін атап өтті.  

Мемлекет басшысының Сауд Арабиясына ресми сапары аясында бірнеше маңызды құжаттарға қол қойылды.

Оқылды 144 рет
JoomShaper
Top