Бас мүфти Ватикан елшісімен кездесті (ФОТО)

Сәрсенбі, 19.10.2021

Астана. 19 қазан. E-ISLAM – Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы Ватиканның Қазақстандағы елшісі Фрэнсис Ассизи Чулликатт мырзаны қабылдады.

Кездесу барысында Қазақстанда әр үш жылда өтетін Әлемдік және дәстүрлі дін көшбасшыларының съезінің әлемдік діни тұрақтылыққа қосып жатқан сүбелі үлесі туралы сөз болды. Сонымен қатар, бүгінгі әлемде орын алып жатқан діни алауыздықты, қақтығыстар мен лаңкестік әрекеттерді болдырмаудағы дін лидерлерінің рөлі әңгімеленді.

Мәртебелі қонақ өз кезегінде Діни басқарманың қазіргі қоғамдағы орны мен ықпалын жоғары бағалады.


Оқылды 141 рет
JoomShaper
Top