«Нұр-Мүбарак» университеті мен Алматы облысы әкімдігі меморандумға қол қойды (ФОТО)

Сәрсенбі, 28.09.2021
«Нұр-Мүбарак» университеті  мен  Алматы  облысы әкімдігі меморандумға қол қойды (ФОТО)

Астана. 28 қыркүйек. E-ISLAM – Алматы облысында 16 аудан және 3 қала орналасқан. Сондықтан, бұл өңірде жат ағымдарға қарсы күрес жүйелі жүргізу үшін исламтанушылар мен дінтанушыларды даярлаушы Нұр-Мүбарак университетімен бірлесіп жұмыс жүргізу күн тәртібіндегі мәселе.

Осы мақсатта Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетіне келген Алматы облысы әкімдігі Дін істер басқармасы басшысы Рахмет Есдәулетов бастаған делегацияны университет ректоры, профессор Жуда Абдулғани Басюни қабылдап, оқу орнының тыныс-тіршілігімен таныстырды. Рахмет Есдәулетов «Нұр-Мүбарак» университетімен бірлесе еңбек етудің маңыздылығына тоқталып өтті.
Басқарма өкілдері республикамыздың халқы көп шоғырланған облыстың тұрақты дамуы мен тыныштығын сақтау үшін әртүрлі діни ағымдардың алдын алу мақсатында дін саласындағы бірегей оқу орнымен бірлесе жұмыс істеудің маңыздылығына тоқталып, ұсыныс жасады.
Меморандум «ҚР діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2013-2017 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама туралы» ҚР Президентінің 2013 жылғы 24 қыркүйектегі №648 Жарлығын және ҚР басқа да нормативтік-құқықтық актілері негізінде қабылданды.
Тараптар діни қызмет саласында өзара әрекетессе отырып, меморандум аясында көзделген шараларды бірлесіп іске асырмақ.
Кездесу барысында Алматы облысы әкімдігі Дін істері басқармасы басшысы Рахмет Есдәулетов Жетісудің көрікті жерлері туралы кітапты ректор Жуда Басюниге сыйға ұсынып, естелік суретке түсті.


 

Оқылды 91 рет
JoomShaper
Top