Саяз білімді пәтуаға құмар келеді

Сәрсенбі, 21.09.2021
Саяз білімді пәтуаға құмар келеді

Əжири «Ғұламалар мінезі» атты еңбегінде Хажжаж бин Умайр бин Сағдтың мына оқиғасын баян етеді:

«Мен Алқамадан бір мəселе төңірегінде пəтуа сұрадым. Алқама: «Убайдаға барып, содан сұра» деп жөн сілтеді. Убайдадан сұрағанымда ол: «Алқамадан сұра», деді. Мен: «Алқама мені сізге жіберді» деп едім, ол «Онда Масрұққа бар, сол кісіден сұра», деді. Масрұққа барып едім: «Алқамаға бар, сол кісіден сұра», деді. Мен: «Алқама мені Убайдаға, ал Убайда сізге жіберді», дедім. Сонда Масрұқ: «Абдурахман бин Əбу Лəйлаға бар, со- дан сұра», деді. Мен Абдурахман бин Əбу Лəйлаға барып сұрап едім, ол кісі жақтырмады. Соңыра Алқамаға қайтып келіп мəн-жайды айтқанымда, ғұлама: «Жұрт ішінде пəтуа айтуға білімі ең төмен кісі ғана батылданады» деп айтқан екен (Əжири, «Ахлақ ғұламə»)

Оқылды 570 рет
JoomShaper
Top