Алау Әділбаев

Дінтанушы, доктор Ph.D

Өмірбаяны Арнау сөз Еңбектері Мақалалары Сұрақ қою

Өмірбаяны

Әділбаев Алау Шайқымұлы 1972 жылы 19 желтоқсанда дүниеге келді. Ph.D, магистр ғылыми дәрежелері бар. 1995 жылы Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің шығыстану факультетін «Дінтанушы», араб тілінің мұғалімі, философия бакалаврі мамандықтары бойынша аяқтап шыққан. 1997 жылы «Көне түркі халықтарының Тәңір түсінігі және Құрандағы Алланың сипаттамасы» тақырыбы бойынша магистрлік жұмысын қорғап, магистр дәрежесін алды. 2002 жылы Анкара университетінің гуманитарлық ғылымдар институтынан «Теология» мамандығы бойынша доктор дәрежесін алды. 2002 жылдан Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде, 2005 жылдан «Нұр-Мубарак» Мысыр ислам мәдениеті университетінде оқытушылықпен айналысты. 2006 жылы Алматы қаласының Әділет басқармасында әуелі бас маман, соңынан дін істері бөлімінің бастығы қызметін атқарды. Сол жылы «Нұр-Мубарак» Мысыр ислам мәдениеті университетінің гуманитарлық және жаратылыстану ғылымдары кафедрасының меңгерушілігіне тағайындалды. Қазіргі таңда «Нұр» Мысыр ислам мәдениеті университетінің доценті, «Дінтану» кафедрасының меңгерушісі қызметін атқарады. ҚМДБ жанындағы Ғұламалар кеңесінің мүшесі.

Арнау сөзі

Ассаламу алейкум құрметті портал оқырмандары!

Мен Әділбаев Алау Шайқымұлы, дін саласының маманымын, «Саңлақ сахабалар», «Қасиетті мәуліт», «Әбу Ханифа және ханафи мазхабтары» сынды дін мен құндылыққа қатысты бірқатар еңбектердің авторымын. Сарапшы ретінде келесі тақырыптарға қатысты сұрақтарыңызға жауап бере аламын: Әбу Ханифа және ханафи мазхабтары, сахабалар өмірі, ислам этикасы, Мұхаммед Пайғамбардың (с.ғ.с) өмірбаяны, исламдағы отбасы, исламдағы бойсұнушылық.

Еңбектері

  • 1. Саңлақ сахабалар, 1-бас. - Алматы, 2004, «Алтын қалам» баспасы, 262 бет
  • 2. Қасиетті мәуліт, Алматы, 2006, «Алтын қалам» баспасы, 40 бет
  • 3. Кемелдік кілті, Алматы, 2008, «Нұр-Мүбарак» баспасы, 248 бет
  • 4. Имам Әбу Ханифа және ханафи мәзһабы, Алматы, 2011, 399 бет
  • 5. Шапағат шамшырағы – әз Мұхаммед (с.а.с.), Алматы, 2013, 192 бет

Мақалалары

  • Мұсылман ғалымдарының ғылымға қосқан үлесі// Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті Университеті 1. Халықаралық ғылыи конференция материалдары, «Исламтану және араб филологиясы мәселелері» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары (2004-2005 жылдары өткізілген конференция материалдары) Алматы, 2006, 44-52-б.
  • Исламда әділдік ұғымы//, әл-Фараби ат. ҚазҰУ философия фак. Қасымов оқулары, халықаралық конференция баяндамасы, Алматы, 2005
  • Сүннеттің Құранмен үндестігі және дінде дәлел болуы// Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті Университеті, ІІІ Халықаралық ғылыи-практикалық конференция материалдары (2007-2008ж.), Исламтану және араб филологиясы мәселелері, Алматы, 2008, 16-32-б.
  • Орта Азиядан шыққан ғұлама – Матуриди//, ІІ Халықаралық ғылыи-практикалық конференция материалдары (2006-2007ж.), Исламтану және араб филологиясы мәселелері, Алматы, 2008ж, 94-100-б. (5бет)
  • Ислам мен терроризм – кереғар ұғымдар// , IV Халықаралық ғылыи-практикалық конференция материалдары (2008-2009ж.), Исламтану және араб филологиясы мәселелері, Алматы, 2009ж, 83-91-б.
  • Казакистанда девлет-дин илишкиси ве дини олушумлар, Түркия республикасы, Спарта қаласында өткен, «Түркі әлемінде діни жағдай» атты халықаралық ғылыми-пркатикалық конференция материалы, 2010
  • Әбу Ханифаның өскен ортасы және тарихи жағдай// Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті Университеті, «Исламтану және араб филологиясы мәселелері» атты VI халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция метриалдары (2010ж.), Алматы, 2011, 73-81-б.
  • Әбу Ханифаның Ислам құқығы (фиқһ) саласындағы орны// Қазақстандық халықаралық құқық журналы, № 1 (41), Алматы, 2011, 3-9-б.
  • Әбу Ханифа және хадис мәселесі// «Ислам: Адам және қоғам діні» атты Қазақстан Респудликасының тәуелсіздік алғанына 20 жыл толуына және 2011 жылы «Ислам конференциясы ұйымына» төрағалық етуіне арналған халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары, Шет тілдер және іскерлік карьера университеті, ғылыми-педагогикалық журнал, ХІІ, Алматы, 2011 ж., 48-53-б.
  • Әбу Ханифаның ғылыми танымының қалыптасуы және ақида іліміндегі орны// «Бейбітшілік пен жасампаздықтың 20 жылы», Қазақстан тәуелсіздігінің 20-жылдығына арналған «Ғасыр санасы: Онтология, дін, мәдениет» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары, Алматы, Қазақстан, 2011 ж., 18 мамыр, Алматы, 2011 ж., 204-208-б.
  • Ғылым және дін: қайшылықтан ымыраластыққа// Жастар. Руханилық. Интеллектуалды ұлт, әл-Фараби ат. ҚазҰУ философия және саясаттану фак., халықаралық ғылыми-теориялық конференция материалдары, Философия ғылымдарының докторы, профессор ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі Ағын Хайроллаұлы Қасымжановтың 80 жылдығына арналған V Қасымжанов оқулары, Алматы, 2011, 164-169-б.
  • Имам Әбу Ханифа мен Матуридидің пікір сабақтастығы// Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті Университеті, «Исламтану және араб филологиясы мәселелері» атты VIII халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция метриалдары (2011 ж.), Алматы, 2012, 111-119 б.
  • Ұлтты біріктіру - әрбір иманды азаматтың міндеті// Айқын газеті, 2012
  • Саңлақ сахабалар және рамазан,// Қазақстан-Zaman газеті, № 33 (903), 16 тамыз, 2012, 9-б.
  • Нұх (ғ.с.) – Ұлық бес пайғамбардың бірі// Аңыз адам, № 16 (52), Тамыз, 2012, 20-21-б.
  • «Алла Тағала Ибраһимді дос тұтты»// Аңыз адам, № 16 (52), Тамыз, 2012, 23-б.
  • Ханафи мәзһабының тарихи мәні мен оны дамыту стратегиясы // ҚР БжҒМ, Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ, «Түркі дүниесіндегі ислам ғылымдарының ролі» атты халықаралық ғылыми конференция материалдары, 26-27 сәуір 2012ж. Түркістан, ......беттер
  • Қазақстанда ханафи мәзһабының тарихи мәні мен қазіргі замандағы маңызы// ИСЕСКО ұймы тарапынан өткізілген халықаралық ғылыми симпозиум, Алматы, 2012 ж. 7 бет
  • А. Әділбаев, Ш. Әділбаева, Ислам құқығында үкім шығару әдісі ретінде «әл-масалих әл-мурсала», КазҰУ Хабаршысы, философия, мәдениеттану, саясаттану сериясы, №2 [43] 2013 ж., 66-73-б.
  • А. Әділбаев, Ш. Әділбаева, Ханафи ғалымдарының ислам фиқһына қатысты негізгі еңбектері// Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті Университеті, «Исламтану және араб филологиясы мәселелері» атты X халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция метриалдары (2013 ж.), Алматы, 2013
  • Несостоятельность негативных суждений в адрес ученого, факиха Абу Ханифы с призмы выдающихся ученых// Материали за 9-а международна научна практична конференция, «Динамиката на съвременната наука», - 2013. Том 5. История. Философия. София. «Бял ГРАД-БГ» ООД, 2013. – 82-92-б.
  • Жастар арасындағы дәстүрлі діни түсінікті қалыптастырудағы ханафи мазхабының рөлі// «Дін және жастар» атты республикалық ғылыми-практикалық конференция материалдары, Атырау: 2013, 7 б.
  • Діни ахуалдың күрделілігі және оны шешудің жолдары // «Діни ғұрыптар және қазақтың салт-дәстүрлері» атты республикалық ғылыми-практикалық конференция. Қызылорда, 2013. 9 б.
  • Қазақ халқында Пайғамбар сүйіспеншілігі, Қала мен дала газеті,7 мамыр, 2004
  • Алланың елшісі хақында, Қала мен дала газеті, 13 мамыр, 2005
  • Рус ориантализмінің олушумунда Казан еколунун ролу, Туркия, Дини араштырмалар журналында, 2002 ноябрь
  • Казакистан топракларында юрутулен руслаштырма фаалиетлери, (Қазақстан территориясында жүргізілген орыстандыру саясаты), Туркия, билиг журналы, 2002
  • Әйел мен еркек тең бе? Аңсар журналы, 2006,№3
  • Сайд ибн Әмир. Иман журналы, 2006,№10
  • Халид ибн Уәлид (саңлақ асхабалар). Иман журналы, 2006, №8, 5-б.
  • Әбу Убәйда ибн Жаррах. Иман журналы, 2006, №1, 4-б.
  • Хамза ибн Әбдүлмүттәліп. Иман журналы, 2006, №5, 4-б.
  • Біләл Хабаши. Иман журналы, 2006, №9, 3-б.
  • Жақсылыққа шақырып, жамандықтан тыю. Иман журналы, 2009, №12, 5-б.
  • Кіршіксіз шынайы махаббат. Иман журналы, 2009, №5, 2-б.
  • Шынайы сүйіспеншілік. Иман журналы, 2009, №6-7, 2-б.
  • Ата-ананың қадірі. Иман журналы, 2009, №10, 5-б.
  • Жаратушыны тану. Иман журналы, 2009, №3-4, 4-б.
  • Үміт пен үрей. Иман журналы, №3, №4, 2010ж.
  • Сыддық, шыншылдық, шынайлылық, адалдық. Иман журналы, №1, №2, 2010ж.
  • Сабыр-иманның белгісі. Иман журналы, 2010
  • Сабыр – жүрек амалы. Иман журналы, 2010
  • Әділдік. Иман журналы, 2010
  • Тәуекел. Иман журналы, 2010
  • Жомарттық. Иман журналы, 2010

Намаз оқып жатқанда дәрет бұзылса намаз да бұзылады ма?

Дүйсенбі, 01.08.2021

Намазда әдейі, біле тұра дәретін бұзса, намаз бұзылады. Алнамаздағы адамның еркінен тыс дәреті бұзылса, намазы бұзылмайды. Дәрет алып, қайта намазын тоқтаған жерінен ары қарай жалғастыра алады. Бірақ намазын қайтадан оқығаны абзал.

Намазда кіші немесе үлкен дәреттің бұзылуы, жел шығу, мұрны қанау немесе аузына құсық келу секілді себептерге байланысты еркінен тыс дәреті бұзылған жағдайда адамның дәреті бұзылса да, намазы бұзылмайды. Мұндай жағдайда сөйлеместен, дүниелік нәрселер айтпай, намазға қатысы жоқ іс-әрекет жасамастан, ең жақын жерден дәрет алып, намазын келген жерінен ары қарай жалғастыра алады. Егер намазды жалғыз оқыған болса сол дәрет алған жерде немесе алдында намаз оқып тұрған жеріне барып намазын толықтыра алады. Ал егер жамағатпен оқыған болса, сол жамағатпен оқыған жеріне барып намазын орындайды. Жамағат намазды бітірген болса, жеке өзі қалған рәкаттарды толықтырады.

Айша анамыздан жеткен хадисте Алла елшісі (с.а.с.):  «Кімде-кім құсса, мәзи шықса немесе мұрны қанаса дереу барып дәрет алсын. Сонан соң (сөйлеместен), намазын тоқтаған жерінен жалғастырсын», (Бәйһақи, Сүнән) – деген.

Жамағатқа намаз оқытып жатқан имамның дәреті еркінен тыс бұзылған жағдайда өз орнына сапта тұрған біреуді тұрғызады. Имамның орнына өткен кісі намазды ары қарай жалғастырады. Бұлай жасаудың дұрыс екендігіне мұсылман ғұламалары бір ауыздан келіскен. Мысалы, жамағатқа намаз оқытып тұрған имамның кенеттен мұрны қанаса, жел шықса, дәреті бұзылады. Мұндай жағдайда имам жамағаттан имамдыққа лайықтырақ біреуін ишаратпен немесе киімінен тартып михрабқа шығарып, намазды жалғастыру үшін өз орнына тұрғызады. Шыққан кісі намазды ары қарай жалғастырып, намаздың қалған бөлігін толықтырады. Егер имам дәреті бұзылғаннан кейін, орнына жамағаттан біреуді қоймай, мешіттен шықса немесе намаз оқитын жерден алыстап кетсе, жамағаттың намазы бұзылған болып саналады.

Сондықтан намазда имамның дәреті бұзылса, өз орнына намазды әрі жалғастыруы үшін бірінші саптан орынбасар шығаруына болады. Имам дәреті бұзылып орнына біреуді қоятын болса, өз орнынан артқа шегініп, қандай да бір келеңсіз жағдай болғанын қимылмен білдіріп (мыс: мұрны қанағандай болып) бірінші сапта тұрғандардың бірін киімінен тартып, орнына шығарады. Орынбасар намазды имамның тоқтаған жерінен жалғастырады. Имам сап шетінде ашық жер болса, сол жерден, ал болмаса, сап арасынан өтіп, дәрет алып келеді.

Ханафи мәзһабы бойынша намаздың соңғы отырысында «әт-тахият» оқитындай мөлшерде отырғаннан кейін еркінен тыс дәрет бұзылса, намазы жарамды болып есептеледі.

Оқылды 821 рет
Жауап берген:

Сарапшылар

Айнұр Әбдірәсілқызы

Толық ақпарат Сұрақ қою

Балғабек Мырзаев

Толық ақпарат Сұрақ қою

Алау Әділбаев

Толық ақпарат Сұрақ қою

Ершат Оңғаров

Толық ақпарат Сұрақ қою

JoomShaper
Top