
Айнұр Әбдірәсілқызы
ҚР МСМ Дін істері комитеті Дін мәселелерін зерттеу және талдау орталығының директоры
Филология ғылымдарының кандидаты, араб әдебиеті (құрантану) бойынша ғылым магистрі
Өмірбаяны
Әбдірәсілқызы Айнұр, 04.07.2021 жылы туылған. Филология ғылымдарының кандидаты, араб әдебиеті (құрантану) бойынша ғылым магистрі. Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің бакалавриатын, магистратурасы мен аспирантурасын тәмамдаған. ҚазҰУ құрамындағы «Әлем тілдері және халықаралық журналистика» университетінің, Түркия Республикасының Анкара университеті мен «TOMER» тіл үйрету орталығының арнайы курстарын бітірген, «Жиһан» ақпарат агенттігінде журналистік машықтанудан өткен. 1998-2005 жылдар аралығында Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Араб филологиясы және Қазақ әдебиеті кафедраларында оқытушы, Терминдер сөздіктерін даярлау және аударма орталығында аудармашы, редактор, Ясауитану ғылыми-зерттеу орталығында жетекші маман, ғалым-хатшы, директор орынбасары қызметтерін атқарған. 2005-2011 жылдары ҚР Ұлттық Ғылым академиясының М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының ғылыми қызметкері, ҚР Ұлттық кітапханасының Редакциялық-аударма бөлімінің меңгерушісі, ҚР Мәдениет министрлігі Дін істері комитеті Мәдениеттер мен діндердің халықаралық орталығының Діни орталықтарды зерттеу бөлімінің бастығы болып жұмыс істеген. 2011 жылдан ҚР Дін істері агенттігінің Діни оқу орындарымен байланыс және дінтану сараптамасы басқармасының басшысы қызметінде болды. Қазіргі уақытта ҚР МСМ Дін істері комитеті Дін мәселелерін зерттеу және талдау орталығының директоры. 7 кітаптың, 100-ден астам мақаланың авторы, 20-ға жуық ғылыми-танымдық басылымдардың редакторы. Ақын, Н.Төреқұловтың 105 жылдығына арналған республикалық мүшәйраның жеңімпазы.
Арнау сөзі
Армысыздар, қадірлі замандастар!
Сіздер мен біздерді замана талабы дүниеге әкелген "E-Islam" порталы тоғыстырып отыр. Мен мамандығым жағынан араб тілді шығыстанушы-филологпын. Араб тілін ислам дінін үйрену үшін рухани ізденісіме бастар жол ретінде таңдағанмын. Сырт көріністе зайырлы қоғамның заңды перзенті болғаныммен, «иман адамның жүрегінде» деген ұстанымға берік байланғанмын. Ғылыми зерттеулерімнің негізгі бағыттары – құрантану, Қазақстандағы ислам тарихы, діни қозғалыстардың тарихы мен қызметі, шығыс және түркі халықтары әдебиетіндегі дін тақырыбы, діни поэзия. Қазақы қалыптың қаймағы бұзылмаған оңтүстік өңірінің тумасы ретінде дін және дәстүр тақырыбы менің жаныма жақын. Қазақтың «иман таразысы» деген ұғымының бір жағында сенім, екінші жағында рухани құндылықтар тұрады. Иман таразысы теңелуі үшін оның екі басы бірдей болуы қажет. Дәстүр дінсіз, дін дәстүрсіз өмір сүрмейді. Сондықтан да дін тарихы дегеніміз біз үшін – мәдениет тарихы, ұлт тарихы, рух тарихы. Мен сіздермен осы бағытта ой бөліскім келеді. Сонымен қатар әйел-ана ретінде замандас құрбыларымның сырын тыңдап, сұхбатын бөлісіп, сауалдарына жауап беруге әзірмін.
Еңбектері
- 1. Мезгілсіз дәурен: Өлеңдер. –Алматы: Жазушы, 2006. –88 бет.
- 1.2. Қожа Ахмет Ясауидің ақындық әлемі: Монография. – Алматы: «КИЕ» лингвоелтану-инновациялық орталығы, 2007. –264 бет.
- 1.3. Қожа Ахмет Ясауи: Ғасырлар шыңынан шашылған нұр: Ғылыми басылым. – Алматы: Қазэтнодизайн, 2007. – 480 бет.
- 1.4. Қожа Ахмет Ясауи: Библиографиялық көрсеткіш (Қазақ және орыс тілдерінде). –Алматы: Арыс, 2008. –144 бет.
- 1.5. Хикмет-ғұмыр: Өлеңдер, эсселер /Әлеуметтік маңызды әдебиет түрлерін шығару» бағдарламасы аясында/. – Алматы: Жалын, 2010. – 96 бет.
- 1.6. Қазақстандағы сопылық: бастаулары, тарихы, қазіргі жай-күйі. Сараптамалық шолу. – Астана: Мәдениеттер мен діндердің халықаралық орталығы, 2010. – 60 бет.
- 1.7. Дін. Дәуір. Дәстүр: Ғылыми-танымдық мақалалар жинағы. – Павлодар, 2014 жыл. – 232 бет.
Мақалалары
- Қазақтың ақидасы – парасат немесе Матуриди ақидасының қазақ дүниетанымындағы орны жайында
- Имамның сәні – жамағат немесе жүректегі иман жайлы сөз
- Қазақ орамалға қарсы емес, бірақ хижабтың жөні бір басқа
- Қазақ қоғамындағы әйел мәртебесі: кеше мен бүгін
- Рухани құндылықтарды қалыптастыру мен дамытудағы қазақ әйелінің орны
- Құрбан айт – игі бастамалар мейрамы
- Ислам еңбек жайында
- Дәстүрлі отбасылық құндылықтар және тәрбие мәселесі
- Құрбан айт – қанағаттың мерекесі
- Тіл өнері – дертпен тең
- Қазақстандағы этноконфессиялық идентификация мәселесі: мемлекет құраушы ұлт және заманауи сын-тегеуріндер
- Дәстүрлі құндылықтарды жаңғырту радикалды идеологияның алдын алу құралы ретінде
- Қазақстандағы діни білім жүйесі: тарихы, қазіргі жай-күйі және өзекті мәселелері
- Қазақстандағы дінтанулық білімнің қазіргі жай-күйі және өзекті мәселелері
- Қазақстандағы дінтану сараптамасы: өткені мен бүгіні
- Дін және дәстүр сұхбаты заманауи сын-тегеуріндер аясында
- Қазақстандағы діни-ғылыми ақпараттық деңгей
- Қазақстандағы дәстүрлі діндердің қазіргі жай-күйі (әлеуметтанулық зерттеулер негізінде)
- БАҚ-тарда діни ұйымдар мен діни бірлестіктер қызметін жариялаудың негізгі қағидалары
- Қазақстандағы сопылық: бастаулары, тарихы, қазіргі жай-күйі
- Оғыз-қыпшақ дәуірінің әдебиеті
- Әбу Насыр әл-Фарабидің әдеби-ғылыми мұрасы
- «Шахнама» және «Құтты білік»: үндестіктер мен сабақтастықтар
- Махмұт Қашқаридің «Түрік тілінің сөздігі» еңбегіндегі өлең мәтіндерінің құрылысы
- Көне түркі әдебиетіндегі елдік мұраттар
- Қазақ әдебиетіндегі мінәжат жанры: ежелгі поэзия мен қазіргі әдебиеттегі көрінісі
- Мағжан Жұмабаев поэзиясындағы түркілік таным көріністері
- Есенғали Раушанов шығармашылығындағы көне түркілік сарындар
- Қадыр Мырзалиев шығармашылығындағы ежелгі әдеби дәстүрлер жалғастығы
- Қожа Ахмет Йасауи поэзиясын зерттеу мәселелері
- «Диуани хикметті» қазақ тіліне аударудың кейбір мәселелері
- «Диуани хикмет» шығармасының атауы жайында
- Түркі әдебиетіндегі хикмет жанры
- Йасауи поэзиясының түркілік бастаулары
- Қожа Ахмет Йасауидің ақындық мектебі
- «Диуани хикметтегі» көркемдік-бейнелеу құралдары
- Йасауи, Абай, Шәкәрім: сабақтастық сырлары
- «Диуани хикметтің» буындық құрылым-жүйесі
- Йасауи хикметтері және аруз өлшемі
«Тәфиршілер» ағымына басқа қандай мемлекеттерде тыйым салынған?
«Тәфиршілер» ағымына тыйым салынғаны жайлы жағымды жаңалықты естіп қуанып қалдым. Қалай болғанда да еліміздің амандығын көп ойлаймын. Дүниеге таралған осыбір жат ағымға басқа қандай мемлекеттерде тыйым салынғаны туралы айтып берсеңіз?
«Тәкфиршілер» жамағатының басты белгісі қандай?
Бұқаралық ақпарат құралдарының басты тақырыбына айналып, әлем жұртшылығының «бас ауруына» айналған лаңкестік топтардың бірі «Әт-тәкфир уәл-һиджра» яғни «Тәкфиршілер» деп аталатын топ.
Бұл топқа Астана қаласының Сарыарқа аудандық соты аталған ұйымды экстремистік деп танып, Қазақстан Республикасы аумағында қызметіне тыйым салды.
Олар «Таза Ислам», «Таза таухид», «Таза мұсылман» деген жалаң ұранды желеу етіп діни ұстанымы қалыптасып үлгермеген, білімі толыспаған жастарды өз қатарларына алуға әрекет еді. Аталмыш ұйымның қимылына Түркия, АҚШ, Ресей мен Евроодақ елдерінде де тыйым салынған.
«Ат-такфир уаль-хиджра(Тәкфиршілер)» жамағатының басты белгісі «тәкфир» ұғымына негізделгендігін аңғарамыз. Ең әулелі, «үлкен күнә жасаған» адамдарды, сонымен қатар өз жамағатын мойындамаған мұсылмандарды кәпір деп есептейді. Ислам қағидаттарына өрескел қайшы бұл түсініктер азаматтардың радикалдық, экстремистік пиғылдарға ұрындыратыны сөзсіз.
Сол арқылы қоғам мүшелері мен мұсылмандар арасында Исламдағы ең ауыр қылмыстардың бірі болып саналатын – фитнаның отын тұтандырады. Яғни алауыздық тудырып, бүлік таратады. Тәкфіршілік жолда жүргендер, тіпті, ата-анасының, жақындарының іс-әрекеттерін өздерінің ұстанымымен салыстара отырып, оған сәйкес келмеген жағдайда (Айталық намаз оқымаса, діни пренциптерді толық ұстанбайтын болса) оларды да «кәпір» деп айыптап, оларды тыңдаудан, оларға бағынудан, олармен бірге өмір сүруден, туысқандық қарым-қатынас жасаудан, оларға көмек қолын созудан бас тартады. Бұл өз кезегінде мемлекет тұтастығының алтын арқауы болған отбасы иституттарының әлсіреуіне әкеліп соғатыны ақиқат.
Сондай-ақ, Ата заңы мен құқықтық нормалары тек қана Құран түзімдеріне құрылмаған зайырлылық қағидаттарын ұстанатын немесе бейтарап саясатты басшылыққа алған мемлекеттерді «кәпір», «Шайтан мемлекет», «тағуд» деп қаралай отырп, ол елдердің басшыларына бағынбау, жамағат мүшелеріне Исламда қорғаныс мақсатында ғана қолданылатын «жиһад» ұғымын теріс пиғылда насихаттау арқылы мемлекетке қарсы шығуға хақылы екенін насихаттап билікке қарсы күреске шақыру арқылы Құран үкімдері бойынша үкім беретін «Халифат» мемлекетін құруға ұрынады. Мұндай идеиалогиямен уланған азаматтар осы ұстанымдары арқылы Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.ғ.с) және ізгі сахабалардың талай өсиеттері мен сөздерін де жоққа шығара отырып, зайырлылық қағидаттарды мойындамау, шет мемлекеттерге «жиһадқа» аттану, жалпыға бірдей құқықтық нормаларды сыйламау, қоғамдағы дінаралық татулық пен толеранттылықты елемеу, әлеуметтік бүліктер мен лаңкестік іс-қимылдар ұйымдастыру сынды қоғамдық зардаптардың туындауына себепші болады.
«Тәкфиршілер» ағымына бізден басқа қай елдерде тыйым салынған?
«Тәкфиршілер» ағымына бізден басқа қай елдерде тыйым салынған?
Биылға Ашура күні қай күнге тура келеді? Ол күні ораза ұстаумен қатар нелерді істеген дұрыс?
Биылға Ашура күні қай күнге тура келеді? Ол күні ораза ұстаумен қатар нелерді істеген дұрыс?
Намазға жүгіріп келіп, сапта ентігіп тұратындар жайлы не айтасыз?
Ассаламу алайкум! Намазды жамағатпен бірге оқудың сауабы көп болғаны үшін мешітке жиі барып тұрам. Бірақ, мені мешіттегі бір көрніс қынжылтады. Қамат түсіріліп, имам намазды бастаған кезде кешігіп қалған намазхандар мешітке қарай жүгіреді. Тіпті, мешіттің ішіне кірген кезде де жүгіру екпіні сапқа жеткенше саябырламайды. Әсіресе жастардың тапыр-тұпыр, ебіл-дебіл болып ентігіп, ентелеп келіп сапқа тұрып жатқаны намазда турған адамның ойын бұзбай қоймайды. Менің пайымдауымша бұл мешітке жарасатын көрніс емес. Бұл жөнінде шариғат не дейді?
Лағнет айтуға бола ма?
Ислам дінін қаралаушыларға қарғыс лағнет айтуды тоқтатпай айта берсе бола ма?
Ашура күні қанша күн ораза тұту керек?
Ашура күні ораза ұстаған жақсы дейді. Сол шын ба? Шын болса қанша күн ораза ұстасам болады?
Ашура күнінің артықшылығын айтып берсеңіз?
Ашура күнінің артықшылығын айтып берсеңіз?