ИШИМ мен «Талибан» арасында қарулы қақтығыс болды

Сәрсенбі, 06.01.2022

Астана. 6 қаңтар. E-ISLAM – Ауғанстандағы «Талибан» ұйымы мен ИШИМ лаңкестері арасында қарулы қақтығыс болды. Салдарынан тәліптердің 6, ИШИМ-нің 9 содыры өлім құшты.

Қарулы қақтығыс Нангархар провинциясында орын алған. Айта кетейік, ИШИМ террористік ұйымының мүше содырлар тобы осы аймаққа табан тіреп, ықпал жүргізуге күш салып келеді.

Соңғы жария болған ресми деректерге сүйенсек, Ауған билігінің антитеррорлық операциясы нәтижесінде ИШИМ-нің 15 содырының көзі жойылған. 

Оқылды 245 рет
JoomShaper