РАТТ мүшелері Қарағанды облысында болды

Бейсенбі, 25.08.2021

Ағымдағы жылдың 22-23 тамыз аралығында ҚР МСМ Дін істері комитетінің жанынан құрылған Дін мәселелері жөніндегі республикалық ақпараттық-түсіндіру тобы мүшелерінің қатысуымен Қарағанды облысының Қарағанды, Теміртау, Балқаш, Жезқазған, Сәтбаев қалаларында, Абай және Бұхар жырау аудандарында, Гүлшат және Кеңгір ауылдарында ақпараттық-түсіндіру іс-шаралары өткізілді.

Дін істері комитеті Төрағасының орынбасары Ғ.Абзалбектің жетекшілігімен Республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшелері: Дін мәселелері жөніндегі ғылыми-зерттеу және талдау орталығының  бөлім басшысы Т.Әбуов,  «Е-islam.kz» порталының бас редакторы Ж.Сандыбаев, ҚМДБ-ның шариғат және пәтуа бөлімі меңгерушісінің орынбасары С.Шоқанов а.ж. 22 тамызда «Қазақмыс» корпорациясы» кен байыту фабрикасының еңбек ұжымымен, білім беру саласының өкілдерімен, Жезқазған қаласының ақпараттық-түсіндіру топтарының мүшелерімен, құқық қорғау органдарының қызметкерлерімен кездесулер өткізді.

Сонымен қатар, РАТТ мүшелері С.Шоқанов және Ж.Сандыбаевтың қатысуымен Жезқазған қаласы және Кеңгір ауылы мешітінің жамағаттарымен кездесулер ұйымдастырылды.

Ағымдағы жылдың 23 тамызда Дін істері комитеті Төрағасының орынбасары Ғ.Абзалбектің жетекшілігімен РАТТ мүшелері Сәтбаев қаласының ақпараттық-түсіндіру тобы мүшелерімен, құқық қорғау органдарының, «Нан зауытының», тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы қызметкерлерімен кездесулер өткізді.

РАТТ мүшелері Жезқазған қаласының «Дидар» телеарнасының «Жұмадағы жүздесу» бағдарламасына және Сәтбаев қаласының «СТА» телеарнасына сұхбат берді.

Дін істері комитетінің Дінтану сараптамасы басқармасының басшысы Б. Мырзаевтың жетекшілігімен Республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшелері: Талдау және аймақтық жұмысты үйлестіру басқармасының қызметкері Ж. Қарашолақов, Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Дінтану кафедрасының доценті К.Тышқан және «Әзірет Сұлтан» мешітінің найб имамы А. Мұқанов Қарағанды, Теміртау, Балқаш қалаларының, Абай және Бұхар жырау аудандарының тұрғындарымен кездесулер өткізді.

РАТТ мүшелері Қарағанды қаласының білім беру саласының өкілдерімен және ақпараттық-түсіндіру топтары мүшелерімен кездесті.

Сонымен қатар, Б. Мырзаев және А. Мұқанов Абай ауданының АК-159/18 түзету мекемесінің тұтқындарымен профилактикалық іс-шаралар және Бұхар жырау ауданының «Қазақмыс корпорациясы» «Нұрқазған» кенішінің қызметкерлерімен кездесу өткізді.

Ж. Қарашолақов және К.Тышқан қатысуымен Теміртау политехникалық колледжінің ғимаратында Теміртау қаласының білім беру саласының өкілдерімен және ақпараттық-түсіндіру топтарының мүшелерімен кездесулер өтті.

Б. Мырзаев және А. Мұқанов Қарағанды қаласының Орталық мешіті, №1 мешіті және «Бала қажы» мешітінің жамағаттарымен кездесті.

Ағымдағы жылдың 23 тамызда Б. Мырзаев, Ж. Қарашолақов, К.Тышқан және А. Мұқанов Балқаш қаласының «Қазақстан теміржолы», «Бас Балқаш» ЖШС, «Су Жылу Транс» КМК, «Балхашэнерго» КМК және «Балхашуниверсал» ЖШС-ның еңбек ұжымдарымен кездесулер өткізді.

Сонымен қатар, РАТТ мүшелері Гүлшат ауылының тұрғындарымен, сондай-ақ Балқаш қаласының спортшылары мен жаттықтырушылары, жастар қауымы, мешіт имамдары мен жамағаттары арасында ақпараттық-түсіндіру іс-шараларын ұйымдастырды.

РАТТ мүшесі А. Мұқанов облыстық «5 канал» телеарнасының «Дін және Заман» бағдарламасына қатысты.

Дін істері комитетінің Дін мәселелері жөніндегі республикалық ақпараттық-түсіндіру топтарының жұмысы жоспарлы түрде өзге өңірлерде жалғасын табады.

 

Оқылды 144 рет
JoomShaper
Top