Атақты боксшы дүниеден өтті

Сенбі, 04.06.2022

Астана. 4 маусым. E-ISLAM – Аризона штаты Феникс қалалық ауруханасында аты әйгілі боксшы, ауыр салмақтағы әлем чемпионы Мұхаммед Әли дүниеден өтті.

Әйгілі боксшыны ауруханаға тыныс жолдары сырқатымен жеткізілген. Ол 30 жылдан бері Паркинсон ауруымен алысып келген.

Мұхаммед Әли соңғы айларда көпшіліктің алдына шықпаған. Тек осы жылдың сәуір айында ғана отбасымен бірге Аризонадағы қайырымдылық шарасына қатысқан екен.

Мұхаммед Әли (Кассиус Марселлус Клей-кіші) 1942 жылы 17 қаңтарда дүниеге келген. 12 жасынан бокспен айналысқан. Спорттық карьерасында 65 кездесу оның 61-ін жеңіспен аяқтаған. Ислам дінін 1965 жылы қабылдап, есімін өзгертті. 

Оқылды 371 рет
JoomShaper
Top