Алла Тағаланың рахымына ие болып, сансыз сауапқа кенелетін мерейлі айдың берекесін қашырған қандықол қарақшылардың әрекеті адамгершіліктен тым алыс, қылмыстық іс екені белгілі.
Осы оқиғаға байланысты ҚМДБ төрағасы, бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы «Әзірет Сұлтан» мешітінде өткен тарауих намазы алдында пікірін білдірді.