Әзірет Сұлтан мешіті

Сәрсенбі, 21.05.2022
Әзірет Сұлтан мешіті

Хазрет Сұлтан мешіті — Астана қаласындағы орналасқан мешіт. Дәстүрлі ислам стилінде салынған ғибадат үйі Бейбітшілік және келісім, Тәуелсіздік сарайлары мен «Қазақ елі» монументі сынды айбынды нысандармен іргелес орналасқан. Рухани орын 13 га. жерді алып жатқан аумақта орналасқан, ме­шіт­тің жалпы аумағы 17, 7 мың шаршы метрді құрайды. Мешіт жобасы қазақтың дәстүрлі ою-өр­нектері мен ұлттық нақыштағы сәндік элементтері қолданыла отырып, классикалық ислам үл­гісінде орындалған.

Хазрет Сұлтан мешітінің бас имамы болып белгілі дінтанушы, Мысырдағы Әл-Азхар университетінің түлегі Қайрат Жолдыбайұлы тағайындалды. Қайрат Жолдыбайұлы өз еркімен және ғылыммен айналысуына байланысты ҚМБД-ның аппарат жетекшісі қызметінен босатуын өтінген.

Хазрет Сұлтан мешітің құрылысы 2009 маусым айында басталған болатын. 2012 жылдың 15 қаңтар күні мешітте өрт болуына байланысты көктемде ашылуы керек мешіт құрылысы кейінге шегерілді. Нұрсұлтан Назарбаев Астана қаласын дамытуға арналған жиналыста Хазрет Сұлтан мешітін салып жатқан құрылыс компаниясына құрылысты 6 шілде күні аяқтауды бұйырды. 2012 жылдың 6 шілде күні Хазрет Сұлтан мешітің салтанатты түрде ашылуы өтті. Ашылу салтанатына ҚР-дың президенті Нұрсұлтан Назарбаев қатысты.

Құрылыс жұмыстарына жоғары баға берген ҚР Президенті, 2011 жылы 7 желтоқсан күні мешітті зиярат етіп былай деді: «Бұл Орталық Азиядағы ең үлкен мешіт болып табылады. Ол мемлекет есебінен емес, адамдардың қосқан қаражатының есебінен салынып жатыр. Мешіттің құрылысы алдағы жылы аяқталады. Сол кезде салтанатты түрде ашатын боламыз», – деді.

«Хазірет Сұлтан» мешіті – Қа­зақстан бойынша ең үлкен күм­безді мешіт. Оның биіктігі – 51, ені – 28,1 метр. Ал бұл күм­бездің жиегіндегі 8 күмбездің әрқайсысының ені 7,6 метр, ал вестибюль күмбезінің ені 15,2 метр. Мешіттің айшықты келбетін 4 мұнара толықтырады. Олар­дың әрқайсысының биіктігі 77 метр.

Имандылық ордасы үш қа­бат­тан тұрады. Әр қабатта ғиба­дат­хана залдары, неке қиюға және дәрет алуға арналған бөлмелер, Құ­ран оқуға және оқу ағарту­шы­лық топтың сабақ оқуына ар­нал­ған залдар, асхана бар. Мешітте ерлерге арналған 4 000 адамдық намаз залы, халыққа қызмет көр­сету орны, әйелдерге арналған 1 000 орындық намаз залы, имам, наиб имам, азаншы бөлмелері ор­наласқан. Сондай-ақ арнайы неке қию бөлмесі, кітапхана сынды қосымша орындармен жабдықталған. Мешіттің алдыңғы жа­ғының қабырғалары табиғи тастармен әрлендірілсе, темір-бе­тон­ды күмбездері металмен көм­керіле өрілген. Жоба жетекшісі Шефик Искендероғлының айтуынша, құрылысқа қажетті материалдар әлемнің 11 елінен жеткізілген. Сондай-ақ, отандық өнімдер де пайдаланылған.
Жоба классикалық ислам стилі мен дәстүрлі қазақ орнаменті және декоративті элементтер қосындысы ретінде құрастырылған. Жалпы құрылыс аумағы 20,6 мың шаршы метрді құрайды.
2012 жылы 15 қаңтар күні Хазрет Сұлтан мешітінде өрт болды. Өрттің салдарынан 1 адам қаза тапты. Өрт көлемі 800 кв. метрді қамтыған. Кейінірек 21 ақпанда сараптама нәтижесі бойынша хабарланғандай өрт себебіт салғырттық, техникалық қауіпсіздік ережелерін сақтамағандық деп танылды.
Мешіттің ресми веб-сайты жұмыс істейді.

Оқылды 1711 рет
JoomShaper