«Иегова куәгерлері» уағыздаушысы ел аумағынан аластатылды

Сәрсенбі, 20.11.2021
«Иегова куәгерлері» уағыздаушысы ел аумағынан аластатылды Өткен дүйсенбіде сот миссионерге 173 100 көлемінде айып пұл салып, республика аумағынан аластауға үкім шығарды.

Ақтөбе қаласының мамандандырылған әкімшілік соты заңсыз миссионерлікпен айналысып жүрген Польша азаматын жауапкершілікке тартты, деп жазады «Интерфакс-Қазақстан» агенттігі.

Облыстық дін істері басқармасының мәлімдеуінше, шетел азаматы ҚР-ның «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Заңының талабына сай өкілетті мекемеге тиісті тіркеуден өтпестен «Иегова куәгерлері» христиан қауымының ғимаратында уағыз оқыған.

Өткен дүйсенбіде сот  миссионерге 173 100 көлемінде айып пұл салып, республика аумағынан аластауға үкім шығарды.

e-islam.kz


Оқылды 780 рет
JoomShaper
Top