Бұл қалаға мұсылманнан өзгесі 3 ғасыр кіре алмаған (ФОТО)

Дүйсенбі, 04.05.2022

Харар (Харэр) – мешіттер мен базары қайнаған, мұсылман ғылымы орталығы әрі мектебіне айналған таспен қаланып, қоршалған қала. Бұл – Эфиопияның бас қаласы, Харар шаһарынан ғасырлар бойына Шығыс Африканы араб әлемімен байланыстырған сауда керуендері жүріп тұрды. Харар өркениет орталығы ретінде XVI  ғасырда бұл шаһардың Сомали сұлтанаты Адалдың астанасы болып танылғанында көрініс тапты. Сол уақытта бүгінгі Эфиопияның басым аумағында Харар өркениеті салтанат құрды.

Алайда, Адал заман өте билігін алмастырды. Бүгінде Харар Эфиопияны емес, Эфиопия Харарды бақылауына алды.

 

Джугол деп аталатын қаланың ескі бөлігі соңғы 400 жылда төрт метрлік қабырғалармен қоршалды. Мұның мәні – көршілес, іргелес елдердің күтпеген шабуылдарынан қорғану болды. 

Джугол өзінің мешіттерімен де ерекше. 2006 жылы Джугол осы тұрғыда ЮНЕСКО-ның Әлемдік мұралар тізіміне енді. Осы тұста айта кететін жайт – соңғы 300 жылда таспен қоршалған қаланың қамалы мұсылман емес адамдарға жабық болды. 

Келесі ерекше құбылыс. Мұнда жергілікті қалыптасқан дәстүрге сәйкес, ескі қала қабырғаларын тұрғындар әртүрлі ашық түстерге бояйды. 

Ескі шаһар үйлері үш түрде салынған. Кейбірі Қызыл теңіз жағасындағы дәстүрлі араб шаһарларының архитектурасын еске салады. Үй қабырғалары миск, ыдыс-аяқ және тоқыма себеттермен сәнделеді.

 

Ал үй гиенасы – Харардағы туристерді таңдай қақтырған құбылыс болып отыр.

Оқылды 984 рет
JoomShaper