Дүниежүзілік ислам лигасының Бас хатшысы Астанада өтетін Дін лидерлерінің съезіне қатысады

Сәрсенбі, 01.04.2022

АСТАНА. 1 сәуір. E-islam.kz - "Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың Арнайы уәкілі, Парламент Сенатының депутаты А.Мұсаханов Сауд Арабиясы Корольдігіне сапары барысында Дүниежүзілік ислам лигасының бас хатшысы Абдалла әт-Түркимен кездесіп, оған алдағы Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының V съезіне шақыруды табыс етті" деп хабарлайд "Бақ.кз".

2015 жылы 10-11 маусымда Астана қаласында өтетін шараға құрметті қонақ ретінде шақырылған Абдалла әт-Түрки де өз кезегінде Н. Назарбевтың Діни көшбасшылар съезін шақыру туралы бастамасын жоғары бағалап, бүгінгідей халықаралық шиеленістер етек жайған шақта Қазақстан ынтымақ пен бірліктің, төзімділіктің озық үлгісін көрсетіп отырғанын атап өткен. Қазақстандық өкіл Дүниежүзілік ислам лигасының Бас хатшысына ұлтаралық және конфессияаралық келісімнің қазақстандық моделі, үстіміздегі жылы Қазақстан халықтары Ассамблеясының құрылғанына 20 жыл толатыны жайында айта келіп, жүздесушіні діни көшбасшылардың төрт съездің нәтижелері мен алдағы Бесінші съездің тақырыбымен таныстырған. Лауазымды тұлға елмізде өтетін игі шараға белсенді түрде қатысатынын жеткізді. 

Оқылды 376 рет
JoomShaper
Top