Содыр тұтқын қыздарды қалай зорлағанын айтты

Сейсенбі, 21.02.2022

Астана. 21 ақпан. E-ISLAM – Пешмерга күрді әскерінің қолына түскен ДАИШ содыры журналистерге сенсациялық мойындауларын жайып салды, деп хабарлайды Al Arabia.

Ақпарат құралының хабарлауынша, 21 жастағы Аммар Хусейн есімді содыр ДАИШ басшылары өзі мен өзі секілді террористік ұйымға жаңадан қосылғандарға «ислам жауларын» өлтіру үшін қандай жаттығулар үйреткенін әңгімелеп берді.

«Алғашқы кезде бізге қиын болды. Алайда, командирлер тұтқындарды әртүрлі жолмен жазалау мен өлтіру тәсілдерін көрсетті, оның ішінде бас кесуді де үйрендік» дейді содыр.

Аммар Хусейн осы басшыларының бұйрығымен ДАИШ террористік ұйымы ықпалындағы территорияда бұдан да өзге жантүршігерлік қылмыстарды жасаған. Ұйым басшылары оларға қыз-келіншектер мен әйелдерді зорлауға рұқсат берген. Аммар жеке өзі 200-ден аса қыз-келіншектерге зорлық жасаған. «Жас жігіттер мұнсыз жүре алмайды... Бұл табиғи нәрсе...» дейді ол өз іс-әрекеті жайында.

Оқылды 701 рет
JoomShaper
Top