Армысыз! Елімізде жазылған және таралатын барлық кітаптардың дін саласындағы уәкілетті орган – Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Дін істері комитетінің дінтану сараптамасынан өткізілгені жөн болады.
Комитеттің ресми сараптама қорытындысы Сізге өз кітабыңызды діни әдебиеттерді таратуға арналған стационарлық орындар арқылы кедергісіз таратуға мүмкіндік береді.
Сондықтан кітабыңызды Астана қаласы, Орынбор көшесі, 8-үйдегі «Министрліктер үйі» ғимаратының 14-кіреберісінде орналасқан Дін істері комитетіне табыстағаныңыз жөн.
Сараптамадан өткізу үшін кітабыңыздың бір нұсқасы, жеке куәлігіңіздің көшірмесі және сараптамадан өткізу жөніндегі өтінішіңіз талап етіледі. Өтініш үлгісін телефон арқылы немесе құжат тапсыруға келген кезіңізде Комитет қызметкерлерінен ала аласыз.
Анықтама телефондары: 87172-74-09-28; 87172-74-09-32.
Егер ресми сараптамамен қатар менің жеке пікірімді білуді қаласаңыз, кітабыңыздың электрондық нұсқасын This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. мекен-жайына жолдауыңызға болады. Еңбегіңізбен танысып, пікір білдіруге дайынмын.
Айнұр Әбдірәсілқызы