Республика мешіттерінің ішкі тәртіп ережесі қабылданды

Сейсенбі, 22.11.2021

Астана. 22 қараша. E-ISLAM – Алматыда өткен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Ғұламалар кеңесінің мәжілісінде республика мешіттерінің ішкі тәртіп ережесі қабылданды.

Құжатта мешітке келушінің негізгі құқықтары, мешітте жасауға тыйым салынған әрекеттер, мешітке келушінің міндеттері жеке бөлім ретінде қамтылған. Сонымен бірге, ҚМДБ мешіттерінің ішкі тәртіп ережесі дін қызметкерлері мен мешітке келушілерге байланысты қосымша мәселелерді де қадағалайды.

«Осы ереже Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы мешіттерінің ішкі тәртіп ережелерін анықтайтын негізгі нормативті акт. Ереже Қазақстан Республикасының «Діни қызмет пен діни бірлестіктер туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының қолданыстағы басқа да заңнамаларының нормаларына, инструктивті құжаттарына және еңбекті ұйымдастыру саласындағы нормативтік актілерге, сонымен қатар ҚМДБ Жарғысына сәйкес дайындалды. Мешітке келуші әр адамның негізгі құқықтары мен міндеттерін анықтауды, діни сенім бостандығы құқығын қорғауды, сондай-ақ діни қызметке байланысты басқа да мәселелерді реттеуді, халықтың мәдениеті мен рухани өмірін дамытуда ханафи мазхабының  тарихи рөлін мойындауды, Қазақстан Республикасындағы конфессияаралық келісімнің, діни төзімділіктің және азаматтардың діни нанымдарын құрметтеуді негізге алады» делінген ережеде.

Оқылды 4104 рет
JoomShaper
Top