Белгілі астрофизик қиямет күні жақын қалғанын мәлімдеді

Жұма, 18.11.2021

Астана. 18 қараша. E-ISLAM – Белгілі ағылшын физик-теоретигі Стивен Хокинг адамзат баласы жер бетінде мың жылдан артық өмір сүрмейтінін мәлімдеді.

Ол осы мәлімдемесін Оксфорд студенттік пікірталас қауымдастығында жария еткен. Ғалымның пікірінше, жер бетінде ақырзаман тұтқиылдан болатын ядролық соғыстан, жасанды интеллект қызметінен және генетикалық вирустан басталады. Хокинг адамдарды жер бетін тастап қашуға шақырды және өзге ғарыштағы мекенге жету үшін жоғары технологиялар дайындау қажеттігін атап өтті.

Стивен Хокинг Оксфорд университетінде, онан соң Кембриджде білім алып, математика профессоры атанды.

Оқылды 1028 рет
JoomShaper
Top